- Негізгі бет
- Жаднама
- Ана махаббаты...
Ана махаббаты
Қытай сайттарының бірінде жан тебірентерлік мынадай оқиға жазылыпты... Аударып беруді жөн көрдік.
Екі айдың алдында әкесінен айырылған он жастағы Мэри шешесімен бірге қиындыққа толы күндерді өткізіп жатты... Рождество мерекесіне бір күн қалғанда, анасы оған мерекелік тарту сатып алуға тек бес доллар ғана тауып бере алды.
Мэри өзіне таныс дәрігерді іздеп барып, бес долларға анасының беліне массаж жасап беруін өтінді. Жарлы баланың жасқаншақ түріне жабырқай қараған дәрігер амалсыздан ауыр күрсініп: «Бес доллар өте аз, ең төмен болғанда, елу долларға ғана қарай алам», - деді. Мэри салы суға кетіп, емханадан шықты.
Ол қалтарыс көшеде бір топ адамның топталып тұрғанын байқады. Бұл әсілі көше бойындағы құмар тақтасына жиналғандар еді. Айналмалы құмар табақшасында бірден жиырма алтыға дейінгі араб цифры таңбаланған, әрбір цифр бір ағылшын әрпіне сәйкес келеді. Сен қай цифрды талдап, қанша ақша тіксең де, айналмалы табақша екі айналғаннан кейін бағыт сілтегіш сен таңдаған цифырды көрсетсе, сен өз ақшаңның он есесіндей ақшаға ие боласың.
Құмар тақтасының иесі кішкентай қызға бұл жерден кетуді айтқанымен, Мэри оны тыңдамады. Есесіне, аз-кем ойланған ол қолындағы бес долларды 12 цифры жазылған ұяшыққа қойды. Мэридің жолы болды. Бес доллар елу долларға өсті. Ол енді 15-ұяшықты таңдады. Бұл жолы да сілтеме Мэри талдаған цифрды тапты. Енді оның қолында бес жүз доллар бар. Бұл кезде адамдардың назары кішкентай «құмаршыға» ауа бастаған еді. Келесіде ол ақшаны 22-ұяшыққа тастады. Міне, ғажап! Тағы да Мэридің жеңісі. Адамдар арасынан қожайынның «Сен жалғастырып ойнайсың ба?» деген сасқалақ үні естілді. Мэри бес мың долларды 5-ұяшыққа қойды. Барлық жанар оған қадалды. Көп өтпей, қожайынның «Құдайым ау, ол тағы жеңді!» деген дауысы Мэридің елу мың долларға ие болғанын дәлелдеді. Осы кезде Мэри: «Мен енді ойнамаймын. Дәрігерді тауып, анама массаж жасатуым керек. Мен анамды сүйем!»деді.
Мэри кеткен соң, адамдар қатарынан төрт мәрте жеңіп шығудың мүмкіндігінің қанша болатынын сөз ете бастады. Ал өзінің құмар тақтасына қарап тұрған қожайын қинала: «Мен өзімнің неге жеңілгенімді білдім. Ол бала мені махаббаттың күшімен ұтқан екен» деді. Басқалар сонда ғана Мэри таңдаған «12,15,22,5» цифрларының ағылшын алфавитіндегі «L.O.V.E» аріптеріне сәйкес келетінін аңғарды.
Махаббат мәңгі жеңілмек емес!
Автор: Қуанышхан Өмірхан
Дайындаған:Фараби Арыстанбек
сурет:www.pelauts.com
Л. Лига