Алматыда суретке түсуге болатын 10 әдемі жер

Қазір әлеуметтік желілер кезеңі. Кез келген адам өзінің әлеуметтік желілердегі жеке парақшасын ерекше етіп жүргізіп, жұртты әдемі суреттермен таңғалдырғысы келеді. Оған қоса суреттер мәңгі естелік болып қалады. Ендеше, біз ұсынған идеяларды қолданып, ерекше суреттер жасауға кеңес береміз.


almaty.zagranitsa.com

Тұңғыш президент саябағы

Алматы қаласының көрнекі жерлерінің бірі — Тұңғыш президент саябағы. Бұл саябақ өзінің әдемілігімен, тазалығымен және үлкен аумағымен ерекшеленеді. Саябаққа кіру тегін. Оның сыртында да, ішінде де суретке түсетін жерлер көп. Саябақтың соңында алыстан қарағанда мұнараға ұқсайтын жер де бар. Ол жерге көтерілсеңіз, айналаңыздағы әдемі жерлер мен соғып тұрған самал жел керемет көңіл күй сыйламай қоймайды.

Тереңқұр

Суретке түсуге керемет тағы бір жер — Тереңқұр қала саябағы. Тереңқұр — алматылық «денсаулық жолы». Тереңқұр бойымен көптеген адам жүгіреді, жылдам жүріспен жүреді және жай серуендейді. Бұл жерде айналасында күркелері бар суқоймасы орналасқан. Ортасында әдемі суреттер жасауға болатын терраса бар.


tengrinews.kz

Ботаникалық бақ

Ботаникалық баққа 2019-2020 жылдары масштабты қайта құру жұмыстары жүргізілді. Соның нәтижесінде қонақтар үшін демалуға және өсімдіктер әлемімен танысуға қолайлы орта жасалды. Енді қазір ол алматылықтар үшін серуендеуге, таза ауамен демалуға және әрине, әдемі суреттер жасауға болатын керемет жерге айналды.

Қазақстан-Британ техникалық университеті

Ауыр ұстындар мен ағаш есіктер әдемі суреттер жасауға ерекше атмосфера сыйлайды. Бірақ бұл университеттің алды әдетте, адамға толы болады. Сондықтан егер арнайы фотосессия жасау ойыңызда болса, алдын ала жоспарлап, таңда келу керек болады.


365info.kz

Вознесенск кафедральді соборы

Бұл да ескі ғимарат болғанымен, осы жерде ерекше әдемі суреттер жасауға болады. Вознесенск кафедральді соборы 28 панфиловшылар саябағында орналасқан. Сондай-ақ бұл жерде күнде көгершіндер ұшып жүреді. Жем сатып алсаңыз, құстармен қажет кадр жасауға болады.

Метрополитен

Алматыдағы метрода 11 станция жұмыс істеп тұр. Олардың әрқайсысы өзінше ерекше. Әсіресе, «Алмалы», «Жібек жолы» және «Мұхтар Әуезов атындағы театр» станцияларында әдемі суреттер жасауға болады.


akorda.kz

Алмалы сауда орталығы

Алмалы — жерасты сауда орталығы. Оның алды мәдени қоғамдық кеңістік. Алмалы орталығының алдының дизайны ерекше. Сондай-ақ ол жер әр маусымда немесе мерекеде басқаша безендіріледі. Сондай-ақ оған қарсы тәуелсіздік монументі де орналасқан. Алмалының алды тиктокерлердің сүйікті орны десек қателеспейміз.

Форум сауда орталығы

Форум сауда орталығында суретке түсетін әдемі локациялар өте көп. Оның кіре берісі әдемі безендірілген: бұл жер маусымға қарай өзгертіліп тұрады. Бірінші қабатта сурет және тик-ток тусіруге арналған арнайы бөлмеде бар. Сондай-ақ оның бесінші қабатында көптеген күртелер, ерекше орындықтар, өсімдіктер аймағы бар.


pikabu.ru

«Эйфель» мұнарасы

«Француз үйі» парфюмерлік дүкенінің алдына париждік мұнараның кішкентай көшірмесі қойылған. Мұнара биіктігі — шамамен жиырма метр. Бұл мұнара қандай да мерекеде немесе ерекше жағдайларда әдемі безендіріледі, ал түнде жанады.

Панфилов көшесі

Панфилов көшесінде Жібек жолыдан Қабанбай батыр көшесіне дейін  жаяу жүретін жол ұйымдастырылған. Көше бойынан фонтандар, авторлық шағын архитектуралық пішіндер, заманауи балалар алаңдарын кездестіре аласыз.