25 мамыр күні Алматы қаласының Тұңғыш Президент Саябағында "Алматы - гүл қала" гүлдер фестивалі өтті. Гүлдер мерекесі осымен қатарынан үшінші рет өтуде.
Күні бойы Алматы қаласы тұрғындары мен қонақтарының назарында нағыз гүлді ертегі болды. Футуристикалық гүлді инсталляциялар, гүлден жасалынған мүсіндер, кілемдер көпшіліктің көзін қуантты.
Танымал қазақстандық флористтік компаниялардың арасында арнайы сайыс ұйымдастырылды. Айта кетсек, фестивальге биыл бірінші рет Ресей, Украина, Голландия флористтері де қатысты.
Фестиваль бағдарламасында сондай-ақ балалар ансамбльдері мен оркестрлері қатысуымен концерт болды.
Балаларға арналған қолданбалы өнер мастер-кластары ұйымдастырылды.
Гүлдер фестивалінің басты мақсаты – Алматыға гүл қаласы атағын қайтару. Қаланың гүлденуіне флористика саласының кәсіби мамандардарымен қоса, қарапайым тұрғындар да өз үлесін қосуы қажет.
Дайындаған және суретке түсірген: Сания Аринова