Қуық асты безінің қатерлі ісігі еңбекке қабілетті жастағы ер адамдар арасында жиі кездесетін аурулардың бірі болып саналады. Оның басты себебіне дұрыс тамақтанбау жатады. Ғалымдар мына өнімді үнемі тұтынатын болса, простата обырын тудыратынын анықтады.
Жұқпалы аурулар, қой майының тестостеронға әсері – урологпен сұхбат
Тамыз айында American Journal of Clinical Nutrition журналында жаңа зерттеу жарияланды. Бұд зерттеуде сүт өнімдері мен простата қаупінің жоғарылауы арасындағы байланыс тағы бір рет расталды және оның сүт құрамындағы кальцийге қатысы жоқ.
Кейінгі зерттеулер
Калифорниядағы Лома Линда университетінің зерттеушілері 30 000-ға жуық ер адамнан олардың тамақтану режимі туралы сұраған. Содан кейін олардың денсаулық деректерін 8 жыл бойы бақылаған. 1254 ер адамда қуық асты безінің қатерлі ісігі анықталды.
Зерттеуге қатысушылардың арасында канадалық пен америкалық сүтті жиі ішетін, сирек тұтынатын және мүлдем ішпейтін 3 топ болған.
Көп сүт ішетін (күніне кемінде 1 стакан) ерлерде бұл өнімді сирек ішетіндермен салыстырғанда простата обыры қаупі 27% жоғары екені анықталды.
Сүтті ешқашан тұтынбаған ер адамдармен салыстырғанда, оны анда-санда ішетін адамдарда қуық асты безінің қатерлі ісігіне шалдығу ықтималдығы 60% жоғары болған.
Осы нәтижелерге жету үшін зерттеушілер басқа ықтимал қауіп факторларын, соның ішінде отбасылық тарихты, салмақты, калорияларды тұтынуды, алкогольді тұтынуды, физикалық белсенділік деңгейін және темекі шегуді бақылады.
Маңыздысы, ерлерде қуық асты безінің қатерлі ісігінің қаупі тұтынылатын сүттің майлылығына да байланысты емес.
Бірақ йогурт пен ірімшіктен зерттеушілер простата обырының даму қаупіне әсер ететініне сенімді дәлелдер таппаған.
Зерттеу нәтижелері сонымен қатар кальцийді қабылдау (тағамдардан немесе қоспалардан) және простата обыры қаупі арасында ешқандай байланыс жоқ екенін көрсетті.
Сүт не үшін зиян?
Сүттің қуық асты безінің қатерлі ісігінің даму қаупін арттыруы мүмкін себептері бар.
Алдыңғы зерттеулер сүт өнімдерінің көп мөлшері инсулинге ұқсас өсу факторы 1 деңгейін жоғарылататынын көрсетті, бұл простата обырын дамытатын гормон.
Ер адамдар сүттен бас тартуы керек пе?
"Меніңше, простата обыры немесе басқа қауіп факторлары бар отбасылық тарихы бар ер адамдар өсімдік негізіндегі сүтке көшкені дұрыс болар еді", - деді зерттеудің бірлескен авторы доктор Гэри Фрейзер.
Ғалым басқа да қауіп факторлары бар екенін, егер ер адам ұзақ уақыт бойы сау болғысы келсе мына нәрселерді қатаң сақтауы керек екенін ескертеді:
• салмағыңызды қадағалаңыз
• физикалық белсенді болыңыз
• түрлі-түсті көкөністер мен жемістерге бай салауатты тамақтану тәртібін ұстаныңыз.