- Негізгі бет
- Жаднама
- Әлеуметтік желіде қалай...
Әлеуметтік желіде қалай танымал болуға болады?
Әлеуметтік желі қазіргі қоғамның айнасы секілді. Бір жағы майдан. Ол жерде отырып өзіңе қарсыластармен арпалысып, достармен сөйлесіп, романтикалық кездесулер ұйымдастыруға болады. Бір сөзбен айтқан кезде әлеуметтік желі жастардың ғана емес, жалпы халықтың екінші шынайы емес өмірі. Ал ол жерде жұлдыз болу өте қиын. Атың шықпаса жер өртенің кебін кигіңіз келмесе, абыройды сақтап қалай танымал болуға болады?
Қазіргі таңда SMM мәселесі жиі айтылады. Әсіресе әлеуметтік желідегі танымал болу, саудамен айналысу, маркетинг саласы қоғамның ең өзекті мәселесі. Осы мәселенің байыбына барған Дэн Кеннеди ұсынған ақылдарға бір назар салыңыз:
1. Жұртқа ұсынатын өнімді анықтап алыңыз
Сіздің ұсынатын өнім (сату/сатып алу/ контен т.б) несімен ерекшеленді? Неге адамдар сізді оқу керек? Бұл сұрақтарға нақты жауап іздеңіз. Сіздің өзге адамдардан артықшылығыңыз болуы маңызды. Егер контент жазсаңыз, оның сюжеті немесе стилі өзгеше және тартымды болуы керек. Ал өнім жағынан алсақ, сататын затыңыз сапалы және бағасы соған лайық болғаны абзал. Төмен бағаны да көрсетсеңіз ұтылмайсыз.
2. Білікті фотограф табыңыз
Әрине смартфонмен отыратын біздер үшін фотоаппаратпен емес қарапайым телефонмен суретке түскірген ыңғайлы. Бұл әдісті кез келген адам қолдана алады. Ал сіз ше? Сіз бұлай жасамаңыз. Егер контен не тауарыңыз өтсін десеңіз, білікті фотограф жалдаңыз немесе қымбат фотоаппарат сатып алып сонымен жұмыс жасаңыз. Суретіңіз анық әрі адамды еркісіз баурап алатындай болса, бірден айтайын сіз ұтасыз. Ал фотограф жалдаңыз деп отырғанымыз, ол суретке түсірудің қыр-сырын меңгерген адам. Сондықтан оған да мән берген дұрыс.
3. Басты беттегі суретіңіз және қосымша экрандағы сурет де көз тартуы керек
Басты беттегі (профил) суретіңіз ерекше болуы керек. Өзіңздің суретіңіз тұрғаны жөн. Картина қоюдың қажеті жоқ. Бұл сенімсіздікті білдіреді. Өзіңізге сенімді әрі ерекше сурет таңдаңыз. Одан қала берді қосымша экрандағы (заставка) суреттің де рөлі бар екенін ұмытпаңыз. Ол жерде керемет сөзбен көмкерілген көзге оттай басылатын сурет тұрса адамның парақшаңызда қалуына әсер етеді. Сіздің өнімді тұтынуына да әсер етеді. Бұл қазіргі SMM саласының нейромаркетинг түрі.
4. Өзіңіздің контенттеріңізді салыңыз
Көшірме немесе біреудің посттарын, жаңалықтарын жиі бөлісуді қойыңыз. Өзіндік көзқарасты көрсетіп контент жасаңыз. Сөзбен ойнаңыз, барынша әрлеп жазыңыз. Бірақ тым жасанды болып кетпеуін де қадағалаңыз. Дәл сол секілді өнімдеріңіз туралы ақпарат көп болуы керек. Сіз сол өнімнің, сол контенттің иесі ретінде осыны көрсете алуыңыз маңызды.
М. Ақан