Бір жолы мектепте "Әлемнің жеті кереметі" деген тақырыпта сабақ өтіп жатты.
Тапсырма бойынша, әр оқушы өз көзқарасымен "Әлемнің жеті кереметін" жазуы тиіс болатын.
Ұстаз барлығының дәптерін жинап келе жатып, бір қыздың әлі бітіріп үлгермегенін байқады. Өзі тарапынан көмек керек жоқ па деп сұрады.
Оқушы болса, жауап берді:
- Иә. Мен қайсысын таңдарымды білмей, ұзақ уақыт күдіктенумен болдым. Жер бетінде қаншама кереметтер бар?
Сол сәтте ұстаз оның нені таңдағанын білгісі келіп, оқып беруін сұрады. Әлгі қыз кішкене кідіріп барып, оқуға бел буды.
"Мен үшін әлемнің жеті кереметі бұл –
1. Көру.
2. Есту.
3. Қозғалу.
4. Түйсіну.
5. Сезіну.
6. Күлу.
7. Сүю".
* * * *
Сынып ішінде біраз уақытқа үнсіздік орнап еді.
сурет: wallpaper-table.ru
Дайындаған: Фараби Арыстанбек