Әлемдегі ең қауіпті адам кім деп ойлайсыз, қанішер ме әлде ақылды адам ба?! Әрине, сіз қолына суық қару ұстаған немесе жаман ниетті адам әлемдегі ең қауіпті адам деп ойлауыңыз мүмкін. Бірақ олай ойласаңыз қателестіңіз. Әлемдегі ең қауіпті адам – аз сөйлеп, көп ойлап, көп тыңдайтын жан. Күлкілі болуы да мүмкін, бірақ сізге бұл адам неге осынша қауіпті екенін айтайық.
Аз сөйлейтін адам ішкі жан дүниесін, қыр-сырын сізге, ортаға жайып салмайтын болса, бәрін іште сақтап жүрсе, ол онда жұмбақ. Ал жұмбақ адамның қай жерден қандай «сый» дайындап қоярын сіз аңғармайсыз. Көп сөйлейтін адам өзінен хабар беріп қояды. Бұл оның кемшілігі де.
Көп ойланатын әрі аз сөлейтін адам бүкіл ойға сараптама жасап отырады. Олар іштей ғана бәріне бақылау жасап, ойымен басқарғысы келмейді. Өздерінің көшбасшы немесе қауіпті екенін сөзбен емес, ісімен жеткізіп отырады. Ақылмен саналы жұмыс істей білу – ең үлкен қасиет. Сізден екі-үш қадам алда ойлайтын адам өзі жұмбақ болса, аз сөйлесе, көп ойланса бұл сіздіңше қандай жан? Ақылды әрі қауіпті адам.
Көп тыңдауға бейім келетін, аз сөйлеп, көп ойлана алатын адамның ішінде ақпарттың көзі ағылып жатады. Себебі ондай адамдар сіз және ортасы жайында барлық ақпаратқа қанық болады. Әрі әрбір тыңдаған ақпаратына ойлана жауап береді. Бұл адамдардың ерекшелігі әрі қауіптілігі, сізді басқаруға, сіздің өміріңізге өзгеріс әкелуге қауқарлы. Олардан қорқу керек. Әрі олардың алдында сөйлеген кезде, қандай да бір ақпарат айтарда абай болған жөн.