Той — күйеу жігіт пен қалыңдық, олардың ата-аналары және қонақтар үшін маңызды шара. Әр жұп тойды ерекше және есте қаларлықтай өткізгісі келеді. Сондай-ақ олар маңызды және қызықты деп санаған дәстүрлерді сақтағысы келеді. Әр елде өзіндік ерекше дәстүрлері бар. Солардың ішіндегі әсерлі түрлерін ұсынбақпыз.
Үндістан, Түркия — Қына түні
Бұл қалыңдықтың үйімен қоштасу ырымы. Қалыңдық анасынан кетіп, өзінің отбасысын құрады. Оның қолына қынадан сурет салады.
Қына түні қалыңдықтың жақындары жиналып, дастарханға отырады, билейді, өлең айтады және қынаны қолданады. Қына түні қалыңдықтың басын бетпердемен жауады және ол қызыл киім киіп алады. Қонақтар оның алақанына қынасы бар қасықтың бетіне алтын тиындар салып береді. Олар қалыңдықтың бұрынғы өмірімен қоштасып, жаңа өмірге қадам басуымен байланысты және қалыңдықтың сезімдерін оятатын дәстүрлі әндерін айтады.
Корея — Енеге арналған қаз
Корей тойлары бұрын өте шулы шара болатын. Себебі күйеу жігіт енесіне тірі қаздар мен үйректерді әкеліп беретін. Бұл салт таза ниет пен болашақ әйеліне деген адалдықты білдіреді. Себебі бұл құстар «бірнекелі» және бір-біріне деген адалдықты білдіреді.
Қазір бұл дәстүр өзгеріске ұшырады, бірақ өзінің мағынасын жоғалтқан жоқ. Қазір тірі құстарды сыйламайды, бірақ күйеу жігіт пен қалыңдық ағаштан жасалған қаздармен немесе үйректермен алмасады.
Германия — Полтерабенд
Осы дәстүрге құрмет көрсету мақсатында қонақтар тойға дейін жас жұбайлардың бірінің үйіне, жиі қалыңдыққа келіп, сындыру үшін қандай да бір фарфор зат іздейді. Бұл жастарға бақыт әкеледі деп саналады. Сондай-ақ жас жұбайлар үшін маңызды затты байқамай сындырып алмас үшін кейде қонақтар өздерімен бірге қажет емес фарфор ыдыс әкелуі де мүмкін. Фарфордың сынған бөліктерін жас жұбайлар бірге жинауы керек. Бұл отбасылық өмірдің оңай болмайтынын, бірақ біріге кез келген қиындықты жеңуге болатынын көрсетеді.
Нидерланд — Тілек ағашы
Бізде кей тойларда тілек жазуға арналған кітап тұрады. Ал Нидерландта ол үшін ағашты қолданады. Қонақтар лентаға немесе карталарға тілектерін жазып болған соң, оны күйеу жігіт пен қалыңдыққа береді. Олар тілектерді ауызша оқып, содан соң олармен ағашты безендіреді. Сондықтан ағаш, әдетте, күйеу жігіт пен қалыңдықтың үстелінің қасына орналастырылады. Бұл «жайлы» дәстүр көптеген жағымды сезім сыйлайды. Ол тойдың әсерлі өтуіне ықпал етеді.
Бразилия — Көйлек етегіне құрбылардың атын жазу
Бразилия тойларында қалыңдық басы бос құрбылары жайлы ұмытпайды. Қалыңдық құрбыларының есімдерін көйлектің етегіне жазады. Бразилия тұрғындарының ойынша, бұл қалыңдық құрбыларына сәттілік әкеліп, олардың да көп ұзамай күйеуге шығуына көмектеседі. Бұл дәстүр Грекияда да бар, бірақ бұл жақта қалыңдық құрбыларының есімдерін туфлидің табанына жазады.
Мексика — Той бұғалығы (арқан)
Мексикадағы заманауи тойларда дәстүрлер мен жаңа идеялар қатарынан жүреді. Алайда “el lazo” (той бұғалығы) — сөзсіз танымалдылыққа ие салт.
Таспиқ немесе гүлдер тізбегімен жас жұбайлардың иықтарын айналдыра орайды. Оны істеуді жас жұбайлардың кіндік әке-шешесіне тапсырады. Әдетте, кіндік әке-шешені тәжірибесіне және отбасылық қатынастарына қарай таңдайды. Жалғызбасты әйелге арқанды тағуды ұсыну жаман ырым болып саналады.