Альбинизм — ағзада меланиннің ішінара немесе толықтай болмауынан туындайтын туа біткен ауру. Қазір альбинизм жайлы біраз нәрсе белгілі болса да, осы аурумен қиналатын адамдар жайлы көптеген аңыздар бар. Альбинос адамдар жайлы қызықты фактілер ұсынамыз.
Альбиностар ең жиі Африкада дүниеге келеді
Африка елдерінде, соның ішінде Танзанияда альбиностар Еуропаға қарағанда 6 есе жиі туылады. Орташа есеппен, үш мың африкалық балалардың біреуі — альбинос. Толық альбинизм африкалықтарды жиі өлімге әкеледі. Ауа райы шарттарына байланысты альбиностар 20 жасқа таман тері ісігіне шалдығады.
Альбинизмнің тұқым қуалауы жынысқа байланысты
Альбинос гендерінде нақты мутация жүреді. Ол меланин биосинтезіне қажетті фермент — тирозиназдың құрсауына әкеледі. Десе де, хромосомаларда мутацияға ұшыраған гендердің болуы әркез адамның альбинос болып туылуына әкелмейді. Кей жағдайда ол жай генді тасушы болады.
Егер әйел альбинизм генін тасушы болса, оның әр екінші қызы альбинизм тасушы болып туылады, ал әр екінші баласы альбинос болады. Егер генді тасушы ер адам болса, оның балаларының арасында альбинос болмайды. Алайда, ол бұл генді немерелеріне қызы арқылы бере алады.
Альбинос адамдар көз ауруларымен қиналады
Альбиностар табиғатынан әлсіз келеді. Бұл аурумен қиналатын адамдарда көптеген көз аурулары, соның ішінде, алыстан көрмеушілік, астигматизм және жарықтан қорқушылық жиі кездеседі.
Альбинизмнің бірнеше түрі бар
Қандай гендердің мутациясы болғанына қарай альбинизмді бірнеше түрге бөледі. Мысалы: толық нілсіздену (меланин шашта, теріде, көзде де жоқ) және ішінара.
Альбинизмнің тағы бір типі — пьебалдизм. Оған, мысалы, өте ақ терідегі қара дақтар тән. Африка тұрғындарының арасында сарғыш (рыжий) альбиностар да кездеседі. Бұл кезде ағзада қара меланин орнына қоңыр түрі өңделеді.
Көп балалы отбасыларда альбиностар болып бірнеше бала туылады
Егер әкесі де, шешесі де мутацияланған гендерді тасушылар болса, олардың балаларының альбинос болып туылуы 25 %-ға өседі. Альбинизмнің жеңіл түрімен туылған кей балаларда өсе келе терісі мен шашы аздап қараюы мүмкін. Бұл аурудан толықтай арылу мүмкін емес, бірақ оның ерекшеліктері визуалды түрде азаюы мүмкін.
Альбинизм адамның даму деңгейіне еш әсер етпейді
Альбиностар көз аурулары мен қауіпті ісікпен жиі шалдығатынына қарамастан, олардың ерекшелігі интеллект деңгейіне еш әсер етпейді. Ауру сондай-ақ адамның өсуіне әсер етпейді. Дұрыс шарттарда альбиностар қартайғанша өмір сүріп, ұрпақ қалдырып, мансапта табысқа жете алады.
Альбиностар модельдік бизнесте сұранысқа ие
Альбиностардың ерекше сыртқы келбеті сән дизайнерлері мен кастинг-агенттердің қызығушылығын тудырады. Ең алғаш 1994 жылы белгісіз альбинос қыз Жан-Поль Готьеге суретін жіберді. Дизайнер Конни Чиудің ерекше келбетіне ғашық болып, альбинос қыздан өз көрсетілімінің жұлдызын жасады. Осылайша, Конни жоғары сән әлемін жаулап алған алғашқы альбинос болды.