Ақылдыны ақылсыздан қалай айырамыз? Адамдардан көптеген IQ-тесттің бірін өтуін сұраймыз ба? Математикадан данышпан адам қарапайым өмірлік жағдайларда жөн таба алмай, ал бейімді адам қарапайым математикалық есептеулерді шеше алмай жататын кездер болады.
Бірде-бір тест адамның ақыл-парасаты туралы сұраққа әділ жауап бере алмайды. Себебі, олардың көпшілігіне стандартты есептерді шығарып дайындалуға болады. Келесі фактор — білім, әлеуметтік немесе нәсілдік шығу тегі де субъектінің ақылдық көрсеткіштері туралы дәл айта алмайды. Адам ақылдылығын бағалау туралы қанша даулар болса да, эксперттердің ойы бір жерде ғана үйлеседі: адам күнделікті оқу және қандай да бір іске ынталандыру арқылы өз миын жетілдіруге қабілетті.
Төменде ми жұмысын жақсартатын 10 әдісті ұсынамыз. Олардың көмегімен жылдам ойлауға, жаңа мәліметтің көп мөлшерін есте сақтауға және оларды істе шапшаң қолдануға болады.
Миға арналған тренинг
Оларға ойдағы күнделікті әрекеттің кез келген формасын жатқызуға болады. Математика пәнін сүйетіндер алгебра немесе геометрия есептерін шығаруды жөн көреді. Қарапайым жаттығуларға сандық және әріптік ребустар немесе сөзжұмбақтар жатады. Күнделікті оқу, қызықты тақырыптарға блог және пікірсайыс жүргізу — миыңызды тонуста ұстаудың бір жолы. Күнделікті бірқалыпты өмірде де ақылдық қасиетіңізді арттыратын көптеген қарапайым жаттығулар ойлап табуға болады. Ғалымдар күнделікті іске өзгертулер енгізуді ұсынады. Мысалы, таңертең басқа аяқпен тұру, жүрісіңізге тәжірибе жасау, тісіңізді басқа қолыңызбен тазарту және т.б. Мұның барлығы ми белсенділігін арттыруға себеп болатын қиын емес, алайда қызықты істер.
Дұрыс тамақтану мен күнделікті физикалық жаттығулар
Дұрыс тамақтану мен күнделікті физикалық жаттығулар — адам миының өмірлік іс-әрекетін арттыратын кілт. Міндетті түрде тамақтану мәзіріңізге жұмыртқа, балық және майсыз етті қосу керек. Көкөністер мен жемістер дәрумендердің және минералды заттардың керекті мөлшерімен қамтамасыз етеді. Эксперттер ми белсенділігін арттыру үшін жаңғақтар мен көк шай ұсынады. Физикалық жаттығулар бұлшық еттер мен буындарды тонуста ұстап қана қоймай, координацияны да дамытады. Егер күнделікті жаттығуыңызға жаңа элементтер мен амалдар қосып отсаңыз, ол миға да жақсы жаттығу болады.
Медитация жасау
Медитацияның түрлі техникасы мыңдаған жыл бұрын пайда болып, одан бері үздіксіз дамуда. Әлемдік ірі фирмалар өз қызметкерлеріне медитациямен айналысуды ұсынады. Ғылым да олармен келіседі: медитациямен айналысатын адамдарды МРТ-сканерлеудің нәтижесінде жаттығу олардың ми құрылымын өзгертетіндігін байқаған. Мамандардың ойынша, адамдар медитация көмегімен еске сақтау қабілетін жақсартады және зейін салу деңгейін арттыра алады. Медитацияның қай түрін таңдасаңыз да, олардың барлығынан тыныс алу техникасы арқылы тыныштыққа жететін ортақ нәтиже аласыз. Тегіс әрі дұрыс тыныс алу адамға босаңсуға, тынышталуға және қажетті энергия мөлшерін алуға көмектеседі.
Жалғасы бар...