Ақылдыны ақылсыздан қалай ажыратамыз? Адамдардан IQ-тесттен өтуін сұраймыз ба? Математика саласынан данышпан адам қарапайым өмірлік жағдайларда жөн таба алмай, ал бейімді адам қарапайым математикалық есептеулерді шеше алмай жататын кездер болады.
Бірде-бір тест адамның ақыл-парасаты туралы сұраққа әділ жауап бере алмайды. Себебі, олардың көпшілігіне стандартты есептерді шығарып дайындалуға болады. Келесі фактор — білім, әлеуметтік немесе нәсілдік шығу тегі де субъектінің ақылдық көрсеткіштері туралы дәл айта алмайды. Адам ақылдылығын бағалау туралы қанша дау болса да, эксперттердің ойы бір жерде ғана үйлеседі: адам күнделікті оқу және қандай да бір іске ынталандыру арқылы өз миын жетілдіруге қабілетті.
Ми жұмысын жақсартатын 10 әдісті ұсынамыз. Олардың көмегімен жылдам ойлауға, жаңа мәліметтің көп мөлшерін есте сақтауға және оларды істе шапшаң қолдануға болады.
Шет тілдерін үйрену
Ғалымдар бірнеше тілді игерген адамдар бір мәселеден екіншісіне жылдам әрі тиімді ауысып кете алатынын дәлелдеді. Сонымен қатар, шет тілдеріндегі сөздерді уақытылы жаттау — есте сақтауды жаттықтырудың керемет әдісі. Өздігіңізбен тіл үйренудің жолдары көп. Мысалы, шет тіліндегі мультфильмдерді алдымен субтитрмен, содан соң субтитрсіз қарау.
Жаңа хобби
Жаңа және бейтаныс қызметті үйрену — миға арналған керемет жаттығу. Соның ішінде, физикалық күштіі қажет ететін хобби таңдаған жөн. Мысалы, жонгрлеу (жонглирование) миға жақсы жаттығу болады. Әйелдер жаңа хобби ретінде тоқу немесе тігуді таңдаса, ал еркектер балық аулау немесе бақша жұмыстарымен айналысып жатады.
Классикалық музыка
Батыс психологтары балаларды кішкентай кезінен бастап классикалық музыкаға, әсіресе Моцартқа бейімдеугеі ұсынады. Дұрыс таңдалған музыка мидың шығармашылық қызметіне жақсы әсер береді. 1995 жылы психологтар тышқандарға қызықты тәжірибе жүргізген: 30 тышқанға 2 ай бойы күніне 6 сағаттан классикалық музыка тыңдатқан. 60 күн өткен соң, классикалық музыка тыңдаған тышқандар тобы тыныштықта отырған тышқандар тобына қарағанда есептерді жылдам әрі дұрыс шешкен.