Ақылды адамдар неге жалғыздықты ұнатады?

Лондон мектебінің экономисі Сатоши Канадзаве мен Сингапур университетінің маманы Норман Ли ересек адамның көпшіл болуы тікелей балалық шағындағы тәрбиесімен байланысты екенін айтып отыр. Олар бұл мәселеде “саванна теориясын” негізге алды.

Ғалымдар 18-28 жас аралығындағы ересектер арасында сауалнама жүргізген. Нәтижесінде халық тығыз орналасқан жерде тұрып жатқан ақылды адамдар өзін бақытсыз сезінетінін айтқан. Әсіресе, күнделікті кептеліспен жұмысқа бару оларды мезі етеді екен. Мұнымен қатар, олар құрбы-құрдастарымен жиі көрісе беруді ұнатпайды екен.

Wonkblog Washington Post хабарлауынша, ірі қалаларға қарағанда, кішігірім елді-мекендердің тұрғындары өздерін бақыттырақ сезінеді екен. Канадзаве мен Ли бұл қасиеттің арғы ата-бабаларымыздан дамығанын айтып жатыр. Яғни африкалық саваннада өмір сүрген ата-бабаларымыз көптен топтасатын болған. Яғни қазіргі таңда адамдар көпшілік ортасында өмір сүру арқылы өзін қауіпсіз сезінеді. Ал ақылды адамдарда бұл мәселе керісінше. Олар өз күштерінің арқасында алып қаланың қатал өміріне тез сіңісе алады. Ешкімнің көмегін қажетсінбейді.

stan.kz