Сіздің өміріңізге ақша келуі үшін оларға деген көзқарас пен қатынасты өзгерту керек және кей ережелерді сақтау керек.
Қарыз алмаңыз
Өмірде қызықтырғыш нәрселер көп. Кезекті кредитті аларда жеті рет ойланыңыз. Мүмкіндігіңізге, жағдайыңызға қараңыз. Кредит алмас үшін өзіңізді бақылауда ұстауды және ұстамды болуды үйрену керек. Жеке қаржыңызды бақылауға алсаңыз, қымбат нәрсені кредитсіз алатын жағдайға жетесіз.
Ақша жинаңыз
Қаржылық тренер және қаржы тақырыбындағы бірнеше кітаптың авторы Бодо Шефер былай дейді: "Ертеңгі күніңізді жақсарту үшін бүгінгі күніңізден кішкене аласыз".
Ақша жинауды әдетке айналдыру маңызды. Мысалы, ай сайынғы табысыныңыздан немесе әр түскен табыстан 10% алып қойып отырыңыз.
Қосымша кіріс көздерін табыңыз
Ақша көбейтудің тағы бір ережесі - активтер жасау. Бұл жерде активтер - үздіксіз пассивті кірісітің көзі. Мұндай кіріс қаншалықты көп болса, олар соншалықты көп ақша ағынын қалыптастырады.
Активтердің кең тараған түрлері:
- акциялар;
- облигациялар;
- жылжымайтын мүлік;
- патенттер, авторлық құқық, зияткерлік қабілет;
- веб-сайттар мен блогтар;
- әлеуметтік желілердегі дамытылған парақшалар немесе топтар.
Ақшаны санаңыз
Ақша есепті жақсы көреді. Егер қаржыңызды бақылауға алғыңыз келсе және оны көбейткіңіз келсе, өзіңіздің жеке және отбасының кірісі мен шығысын есептеп үйренуіңіз керек. Күнделікті кірістер мен шығындарды жазып жүруге тырысыңыз. Ол үшін арнайы қосымшалар жүктеп алуға немесе Excel-де бухгалтерия жүргізуге болады. Содан соң бюджет құрып, соны сақтауға тырысу керексіз.
Басты ереже - ақшаны ақылмен жұмсау. Қызықтырғыш нәрселерге берілмеңіз және кезекті қажет емес затты алмауға тырысыңыз. Жалқаулықпен күресіңіз және тиімді ұсынысты жіберіп алмаңыз.
Негативті қаржылық көзқарастан арылыңыз
Басыңызда ақшамен байланысты дұрыс емес негативті ойлар мен кедейшілікке бағдарламалайтын әдеттер болуы мүмкін. Олардың пайда болуына тәрбие, мінез-құлық ерекшелігі немесе жеке жағымсыз тәжірибе әсер етеуі мүмкін. Сіздің мақсатыңыз - оларды жағымдылармен алмастыру. Бәрі қарапайым: ақша сізді жақсы көруі үшін сіз оны жақсы көруіңіз керек.
Ақшаңыздың қандай да бір бөлігін қайырымдылыққа беріңіз
Қаншалықты берсеңіз, соншалықты аласыз. Бұл заң шынымен де жұмыс істейді. Қанша беретініңізді өзіңіз шешесіз. Мысалы, табысыңыздың 1%-ын беруден бастауға болады. Алайда жақсы ниетпен беріп үйрену маңызды.
Дамуға және білім алуға ақша бөліңіз
Соның ішінде, қаржылық білімге ақша бөлу маңызды. Ақша ағынын басқаруды және өз қаражатын инвестиция жасауды әрбір адам үйрене алады.