Ақша мәселесі кез келген ортада талқыланатын әрі керек болатын қажеттілік. Біріміз ай сайын айлыққа қараймыз, біріміз күнделікті, ал біріміз байлықта өмір сүріп жатырмыз. Ал қосымша ақша жинап, табысқа жету үшін не істеу керек?
1. Шығыныңызды есептеп отырыңыз. Бәлкім сіз достарыңызбен жиі қыдырғанды, демалғанды, қымбат киімдер киіп дүкен аралағанды жақсы көретін боларсыз. Бірақ өзіңізді алдаудың қажеті жоқ. Себебі, сіздің бұл жағдайға әлі шамаңыз жетпейді.
2. Бір айға бюджет жасаңыз. Жалақыңызды ала салысымен ең бірінші белгілі бір бөлігін сақтап қойыңыз, қалған бөлігімен тұрмыстық қажеттіліктерді өтеңіз. Одан артылып қалған ақшаны тағы екіге бөліңіз. Жартысы үй-күйіңізге, қыдыруға кетсе, қалған бөлігі тағы сақталып қалсын. Осы жүйемен ай сайын әдетке айналдырсаңыз, жыл соңында біраз табысқа қол жеткізгеніңізді байқайсыз.
3. Қомақты шығындардың уақытын есептеңіз. Мәселен бір ай ішінде сіз киім дүкеніне кіріп көп ақша жұмсауыңыз мүмкін. Яғни көзіңізге түскен киімдерді алуға тырысасыз. Ең жаманы мезгілге қарай таңдау (қыстық, күздік киімдер). Одан бөлек спорттық және демалысқа арнай арналған киімдер де қарайсыз. Мұндай жағдайда қымбат дүкенге ұрынбай, жарты бағада сатылатын дүкендерге барыңыз.
4. Кредиттік картаны дұрыс пайдалан біліңіз. Кредиттік картаны дұрыс пайдалану арқылы көп нәрсе ұтуға болады. Банкпен тығыз байланыс орнатып отырыңыз, қандай жеңілдіктер қарастырылып жатқанынан хабардар болыңыз. Бонустық жеңілдіктерге ілініп барынша ақша жағынан ұтылмауға тырысыңыз.
5. Жоспарда жоқ артық ақшаны жинаңыз. Бұл дегеніміз ай сайын алатын жалақыңыздың артылған бөлігін жинау. Ақша жинау – жақсы қасиет. Әдетке айналдырып алсаңыз тіпті керемет. Себебі ақшаның қай кезде керек болып қалатынын білмейсіз. Бүгін немесе ертең не бір айдан кейін керек болады. Сондықтан осы бастан бәріне жоспар жасап ақшаны үнемдеп үйреніңіз.