- Негізгі бет
- Жаднама
- Ақ шашты жұлса,...
Ақ шашты жұлса, қаптап кететіні рас па?
Басымыздан ақ шаш көрсек болды, тіксініп қалатынымыз бар. Ақ шаш ешкімге ұнамайды. Сосын одан барынша құтылуға тырысамыз.
Басымнан ақ шаш көрінбесінші деп жұлып тастаймыз. Бұл дұрыс па? Сауалға трихолог Айгүл Қожаева жауап берді.
Маманның айтуынша, ақ шашты мүлде жұлуға болмайды. Оның бірнеше себебі бар.
"Шашты мүлде жұлуға болмайды. Шаш талшығы өсіп шығатын жасуша – фолликулды зақымдауы мүмкін. Зақымдалған құйқадан шаштың шығуы қиындайды. Содан шаш сиреуі мүмкін. Ақ шашты жұлсаң да, сол ақ шаш қайта өсіп шығады. Құйқаның зақымдалған жеріне инфекция түсіп кетуі ғажап емес", - дейді трихолог.
Маманның айтуынша, ақ шашты жұлса, ол қаптап кетеді деген шындыққа жанаспайды.
"Әр шаштың өзінің өсіп шығар талшығы бар. Шаштың өзі емес ағару осы талшықтан, жасушадан басталады. Сондықтан шашты жұлғанымен, оның орнына бәрібір сол шаш өсіп шығады. Оның тарап кетуі мүмкін емес. Шаштың ағаруы – бұл ағзада болатын үлкен процесс. Бір шашты жұлғаннан қаптап кетпейді", - деп түсіндіреді маман.
Ақ шашты көрсетпеудің оңай жолдары – шашты бояу, ультаркүлгін сәулемен кесу, мезотерапия, дәрі-дәрмек қолдану, дәрумендер ішу.
Адамның шашы неге тез ағарады?
Қ. Слямбек