Жұрт алдына шыққанда презентация жасасаңыз, ондағы жазу түсінің ақ-қара болатынын анықтап алу керек. Редактор Максим Ильяхов мұны өз тәжірибесіне сүйеніп былай түсіндіреді.
Мұндайда жазу мен фонның ақ-қара болатыны презентацияны қандай құрылғыда жасайтыныңызға байланысты.
Егер презентация сұйық кристалды экранда жасалса, онда өзіңіз қалаған түстерді таңдай берсеңіз болады.
Ал егер презентация проектор, LED-экранға шықса, онда қара фонға ақ жазу жазыңыз. Мұндайда экранды суретке түсіру ыңғайлы, жазу жақсы көрінеді, камера фокусты жақсы табады.
Мысалы мына фотода сөздер әрең көрінеді, себебі ақ түс жазуды жұтып қойған.
Ал егер қара фонға ақпен жазсақ былай көрінеді.