Әдет – адам баласының тіршілік қажетіне байланысты қалыптасқан тұрақты мінез, іс-қимыл ерекшелігі. Қазақ халқының "ауру қалса да әдет қалмайды” деп айтуы - әдеттің тұрақты қажеттілікке айналғанын көрсетеді. Әдеттің ұнамды, ұнамсыз түрлері болады. Жақсы әдет - адамның күш-жігерін пайдалы істерге арнауына, уақытын үнемдеп, негізгі ісін тындыруына көмектеседі. Жаман әдет - адамның ортадағы қадір-қасиетін төмендетеді, беделін түсіреді. Ендеше әдетке айналдырар 50 пайдалы әрекет туралы айта отырғанды жөн санап отырмыз.
1. Күні бойы көңілді жүргіңіз келсе, күнді шынайы күлкімен бастаңыз.
2. Таңғы ас алдында бір стақан су ішіңіз.
3. Жүгіруді бастаңыз.
4. Темекі мен алкогольді ішімдіктерден бас тартыңыз.
5. Келер күнге жоспар құрыңыз.
6. Күніге жеміс-жидек жеуді әдетке айналдырыңыз.
7. Ерекше ойлай біліңіз.
8. Арқаны тік ұстап, бүкіреймей жүріңіз.
9. Таңғы жаттығуды жасауда ерінбеңіз.
10. Күніге 4-5 рет бір уақытта тамақтануға тырысыңыз.
11. Лифтпен жүруді естен шығарыңыз. Баспалдақпен түсіп, шығудың өзі денсаулыққа пайдалы.
12. Таңертең салқын душ қабылдаңыз. Ол сіздің күні бойы сергек жүруіңізге септігін тигізеді.
13. Бір уақытта ұйықтап, бір уақытта оянуды мақсат ретінде орындаңыз.
14. Күніге таза ауада серуендеп тұрыңыз.
15. Ертеңгі киер киіміңді бір күн ерте дайындап қойыңыз.
16. Жылына бір рет жалпы медициналық тексеруден өтіп тұрыңыз.
17. Ойыңызға келген ойлар мен істерді сол уақытта қойын дәптеріңізге түртіп қойыңыз.
18. Күніне 1500 мл-нан аз емес газдалмаған су ішіңіз.
19. Ұйқы алдында бөлмеңізді желдетіп алыңыз.
20. Күніне бөлмеңізді жинауға 15 минутыңызды бөліңіз.
21. Өзіңе ұнайтын істермен айналыс.
22. Ұйықтар алдында міндетті түрде жуыныңыз.
23. Күніге кететін шығыныңызды назардан тыс қалдырмаңыз.
24. Жұмыстан оралған соң, 15 минутыңызды музыка тыңдауға арнаңыз.
25. Аптасына бір рет моншаға түсіп тұрыңыз.
Жалғасы