Әдептіліктің 5 белгісі

Әдептіліктің 5 белгісі
Фото: kopilkaurokov.ru

Әдептілік – тәрбие белгісі. Жұрт алдында әдептілікті сақтау – мәдениетті болудың басты белгісі. Мәдениетті адам ешқашан дөрекі мінез танытпайды, жат қылық жасамайды. Ал біз білгенімізше әдептіліктің 5 белгісін ұсынғалы отырмыз.

1. Театрда т.б. мәдени орындарда танысыңды кездестіріп қалсаң, көрермендерге кедергі келтірмес үшін басыңды изеп немесе жымиып амандассаң – жеткілікті. Сондай-ақ, театр спорттық киімде баратын қоғамдық орын емес екенін ұмытпаған жөн.

2. Көпшілік арасында келесі әрекеттерді жасамаған жөн: аяқ-киім тазалау, қоқыс тастау, дауыс көтере сөйлеу, кезекке қарамау, бояну мен тарану.

3. Үлкен адамдардың ортасында ұқыпты киініп жүр. Қолдарыңды тізеңде, не үстел үстінде ұстаған жөн.

4. Үстел үстінде өзіңді дұрыс ұста. Дастарханға қойылған қасық, шанышқыны дұрыс пайдалана біл. Сорпаны қасықпен бір ұрттағанда, ауызға сыятындай мөлшерде алу керек. Көпшілік арасында отырғанда, тамақ ішу тәртібін білгенің жөн.

5. Қолды қалтаға салып жүруді ешқашан әдепке айналдырма. Бұл – мәдениеттілікке жатпайды.

Әдеп - ол адамдардың жүріс – тұрысы мен өзара қарым – қатынастың ережелері. Олай болса әдептілік – әдеміліктің басты белгісі екенін ұмытпаған жөн.

О. Сансызбай