- Негізгі бет
- Жаднама
- Әдемі жазудың 30...
Әдемі жазудың 30 ережесі
Біз сіздерге әдемі, сауатты жазудың бірнеше қағидасын ұсынамыз. Мысалға алынып жазылған сөйлемдер олқылықты түзетуге көмектеседі деп ойлаймыз.
1. Жақшаға алынған сөздің (шынымен) артық екеніне көз жеткізіңіз.
2. Грамматиканы жақсы меңгермеген болсаңыз, құрмалас сөйлемдер жасауда өте сақ болыңыз.
3. Аяқталмаған сөйлемдерге қатысты...
4. Сөйлемді үстеумен аяқтайтындар үшін. Жақсы емес бұл, сөздердің орнықтылығы да керек-ақ бірақ.
5. Бір ғана сөзден құралған сөйлем? Нашар.
6. Және сөйлемді шылаумен бастамаңыз.
7. ЕШҚАШАН сөзді бас әріптермен жазбаңыз.
8. Сөздің дұрыс жазылуын сөздіктен тексеріңіз.
9. Метафора — аяқ киімдегі шеге, оны суырып тастау керек.
10. Миллион есе ұлғайтып жазу кішірейтуден жаман.
11. Мәтіндегі қажетсіз аналогтар — іш киімнің сыртынан тон киіп алғанмен бірдей.
12. Тым ұзақ сөз қолданбаңыз.
13. Риторикалық сұрау кімге керек?
14. Басы артық қайталаулар туралы ептеген ескерту, кейбір мақалаларда жиі кездесетін қайталаулар, кейбір басылымдарда кездесетін қайталаулар, автордың айтқысы келген ойын бұлыңғырландыратын қайталаулар қайталанбағаны жөн.
15. Сөз тіркестерінің әуезділігіне көңіл қойыңыз.
16. Қос қателікті мойындамаудан қашыңыз.
17. Қажет емес жерге "емес" сөзін екі рет қолдану дұрыс емес.
18. "Жоқ" деген сөзде өзгерту қалыбы жоқ.
19. Дұрыс құрау керек бағыныңқы сөйлемді.
20. Біз сіздерге сөйлемдегі бірінші жақ, екінші жақтағы, сонымен бірге жекеше, көпше сөздерді жазуда мұқият болуды ұсынамын.
21. Сөйлемді есімдікпен аяқтау – есуастың әдісі ол.
22. Толық құрылмаған сөйлем, – жақсы емес.
23. "Төлеу сөзді тырнақша ішіне жазамыз", - дейді қағида.
24. 10-ға дейінгі сан есімдерді сөзбен жазған жөн.
25. Сөйлем байсалдылығы – тамаша идеяны жеткізудің ең оңтайлы тәсілі.
26. Сөз орындары тіл стилін өзгерте ме?
27. Оқуды қиындатпай, оқырманға жаныңыз аши жазыңыз.
28. Көсемше сөздерді қолданғанда, үтірді ұмытпағайсыз.
29. Тыныс белгілерін түзу қойыңыз, дефис – қысқа-ақ, сызықша – ұзынырақ болып, екі жағына бос орын қойылады.
30. Тағы да қайталаймыз, түбірі қайталанатын таптаурын тіркестерді қайталап қолданудан аулақ болыңыз.
@. @assel_assanova