- Негізгі бет
- Жаднама
- Адаспауға апаратын алты...
Адаспауға апаратын алты себеп
Мұхтар Әуезов: "Адамның қай мінезі қасиеті болса, сол мінезі міні де болмақ" деген екен...
* * *
Адаспауға апаратын алты себеп:
Адамгершілікке ұмтылып, оқығысы келмесе, бұл адасу ақымақтыққа алып барады.
Ақылды екенін көрсетуге ұмтылып, оқығысы келмесе, ол өрескелдікке алып келеді.
Әділ болуға ұмтылып, оқығысы келмесе, зиян әкеледі.
Туралыққа ұмтылып, оқығысы келмесе, дөрекілікке алып келеді.
Ержүрек болуға ұмтылып, оқығысы келмесе, бүлікшілікке алып келеді.
Қажымастыққа ұмтылып, оқығысы келмесе, онда ол аңдамаушылыққа алып келеді.
Адамгершіл кісіде мына бес қасиет болуы керек:
Кісіге шын құрмет, кең пейілділік, шыншылдық, зеректік, мейірбандық.
Біріншісі – жарамсақтануға жол бермейді;
Екіншісі – барлығын бағындырады;
Үшіншісі – адамдардың көңіліне сенім ұялатады;
Төртіншісі – жеңіске жетуге мүмкіндік береді;
Бесіншісі – адамдарды басқаруға мүмкіндік туғызады.
Дайындаған: Әкежан Дәкен
сурет: selfhacker.ru
Л. Лига