- Негізгі бет
- Жаднама
- Адамзат тарихындағы ең...
Адамзат тарихындағы ең қысқа 7 неке
Әдетте, адамдар өмір бойы бірге болу үшін үйленеді. Алайда, "үйлену оңай — үй болу қиын" демекші түрлі жағдайларға байланысты ажырасып кететіндер жұптардың барын білеміз. Ал тез айырылысып кеткен жұптар жайлы естідіңіз бе?
Кувейттегі жұп — 3 минут
Бұл оқиға ғаламторды дүр сілкіндірді, себебі некенің алғашқы 3 минуты жұптардың қаншалықты үйлеспейтінін көрсетті. Жұптар серт беріп, неке келісіміне қол қойғаннан кейін соттан шығарда қалыңдықтың аяғы шалынып, кафель еденге құлап қалады. Өкінішке орай, күйеу жігіт оған көмектесудің орнына күліп, оған ақымақ дейді. Қалыңдық ашуланып, сол сәтте-ақ төрешіден некені жоққа шығаруын өтінеді.
Рудольф Валентино және Джин Эккер — 6 сағат
1919 жылы атақты итальяндық актер Рудольф Валентино қызбалыққа салынып, американдық актриса Джин Эккерге үйленеді. Алайда Джин салтанатты рәсімде өз шешімі жайлы өкініп, алғашқы неке түнінде күйеуін қонақ үй нөміріне қамап кетеді.
Бұл жағдайдан соң Валентино алғашқы некенің толықтай бұзылғанын күтпей, Наташа Рамбоваға үйленеді. Оны американдық билік көп некелілігі үшін кінәлайды.
Жа Жа Габор мен Фелипе де Альба — 1 күн
1983 жылы 14 сәуірде актриса Жа Жа Габор мексикандық граф Фелипе де Альбаға күйеуге шықты. Ал 15 сәуір күні олар ажырасты. Себебі салтанатты рәсім кезінде Жа Жа Габор бұрынғы күйеуімен ресми түрде ажыраспағаны анықталды. Сәкесінше, жаңа неке заңсыз саналды.
Бритни Спирс пен Джейсон Александр — 55 сағат
Бұл неке 2004 жылы Лас-Вегастағы кішкентай шіркеуде қиылды және ол екі күннен сәл ұзаққа созылды. Бритни Спирс пен Джейсон Александр балалық шақтан бастап достар болды. Үйлену әншінің идеясы болды.
Бір ақпарат бойынша, некені тоқтатуды Бритни Спирс қалаған. Бірақ неке бұзу процесі бойынша адвокат Марк Голдберг Daily Mail басылымына бұл іске әншінің анасы араласқанын айтқан.
Джейсон Александр бір сұқбатында некені бұзу жайлы петицияға алдап қол қойдырғандарын мойындады:
"Олар егер мен некені бұзу жайлы келісімге қол қойсам, Бритни екеуміздің қатынасымызды жалғастыруға мүмкіндік беретіндерін айтты. Егер 6 ай өткен соң да сезімдеріміз осындай болса, олар бізге нағыз некеге отыруымызға келісетіндерін жеткізді."
Сондай-ақ ол петициға қол қойғаннан кейін де Бритни екеуіне телефонмен сөйлесулеріне рұқсат бергендерін ескертті. Бірақ бір айдан соң Бритнидің телефоны сөндірулі болды. Ал жеті айдан соң ол Кевин Федерлайнға күйеуге шықты.
Николас Кейдж пен Эрика Койке — 4 күн
Атақты актер мен бет әрлеуші 2019 жылы үйленді. Бірақ неке ұзаққа созылмады: ол 4 күннен соң күшін жойды.
Актер той туралы шешім қабылдау кезінде мас болғанын айтып, некені бұзуды талап еткен. Николастың айтуынша, үйлену туралы идея Эрикаға тиесілі, ал ол оған импульсивті жауап беріп, жауапкершілікті және өз әрекетінің салдарларын толықтай бағалауға қабілетсіз болған.
Ал Эрика болса, некеде болған аз уақыттың ішінде мансаптық өсуін жіберіп алғаны үшін және мұндай жанжалдан кейін оның абыройы бұзылғаны үшін қаржылық төлем түріндегі ерлі-зайыптық қолдау көрсетуге құжаттар тапсырды.
Трейси Эдмондс пен Эдди Мерфи — 14 күн
Бұл жұптың неке қию салтанаты 2008 жылы Француздық Полинезияда өтті. Ерлі-зайыптылар ажырасатыны жайлы тойдан кейін екі аптадан соң жариялады.
Бір қызығы, бұл неке заңды деп саналмады, себебі оны АҚШ аумағында тіркеу қажет болды.
Ким Кардашьян мен Крис Хамфрис — 10 апта
Бұл неке екі айдан аса уақытқа созылды. Той салтанатты өтті және ол жұпқа шамамен 10 млн долларға шықты.
Бірақ 10 аптадан соң Ким жаңа серігінен ажырасуды шешеді. Сұқбатта ол ақылға салынған шешім болғанын және олардың дос болып қалғанын айтты.
А. Жапатова