Адам миы – жұмбаққа толы әлем. Тіпті ғылымның өзі мидың есте сақтау қабілетінің нақты қалай жұмыс жасайтынын айтып бере алмайды. Дегенмен зерттеу жасала келіп, адамның он бір түрлі есте сақтау қабілетінің ерекшелігін анықтады.
Ұмыту – қалыпты құбылыс. Себебі ми бәрін жаттап, бәрі есте сақтай алмайды. Айналып келген кезде керексіз заттарды тез арада ұмытып, керек дүниені ғана мида сақтап қалу пайдалы.
Лезде есте сақтау – бұл ең қарапайым және ең тез саналатын есте сақтау қабілетінің бір түрі. Бұл қабілетті біз күнделікті өмірде, әрбір секунт ішінде қолданамыз: көрдік – сақтадық. Аз ғана секунт ішінде болсын біз есте сақтай аламыз.
Қысқа уақыт ішінде есте сақтау – ең бірінші есте болып ақпараттардың қысқа уақыт аралығында сақталатын кезеңі. Бір нәрсені естіген кезде естіген затымызды қайта айта алу қабілеті болып саналады. Бұл қатарға мына бір мысалды жатқызуға болады: сізге біреу телефон номерін айтады, сіз жаттап үлгеруге тырыстыңыз және бір-екі саннан қателесіп кетсеңіз де сіз қысқа уақыт ішінде есте сақтай алдыңыз.
Оперативті есте сақтау – белгілі бір ақпаратты не затты есте сақтау ерекшелігі. Бұл кезеңде әрбір ақпарат адам миында 40 минуттан әрі бірнеше тәулікке дейін жалғасады.
Ұзақ уақыт есте сақтау – бұл қабілет кезінде ешқандай өлшем ескерілмейді. Бір сөзбен айтқан кезде ақпарат есте мәңгі қалып қоюы мүмкін. Ұзақ уақыт есте сақтау қабілеті адам миының кітапханасы секілді. Себебі кейін уақытта сіз сақталған ақпаратты керек кезінде іздеп тауып алуыңыз керек. Ол үшін миды жетілдіру тәртібін сақтаған дұрыс.
Сақтау мерзімі шексіз.
Бұл төрт түрлі есте сақтау қабілеті адамның негізгі ми қыртыстарының қызметі. Ал келесі ақпаратта сіздерге есте сақтаудың өзіне тән ерекшеліктеріне тоқталамыз. Яғни тыңдау мен жазу арқылы есте сақтап қалудың жолдарын көрсетеміз.