- Негізгі бет
- Жаднама
- Адамның бес түрлі...
Адамның бес түрлі жасы
Күнтізбелік жасы
Адамның күнтізбелік жасы уақыттың өтуімен ұлғайып отырады. Күнтізбенің бір беті жыртылса, адамның жасы да бір күнге артады. Күтінуге қаншалықты шебер болсаңыз да, өмірді қаншалықты ардақтасаңыз да адамның ғұмыры «бір күнгідей білінбей» өте береді.
Бет-әлпеттің жасы
Тұқым қуалау факторы мен кейінгі күтінудің айырмашылығы болуынан – күнтізбелік жасы қарайлас адамдардың бет-әлпетінің жасындағы айырмашылығы біршама зор болады.
Физиологиялық жасы
Адам денесіне өсіп-жетілу және қартаю үрдісі үздіксіз жүріп отырады. Күнтізбелік жасы бірдей адамдардың физиологиялық жасының ұқсас болуы екіталай. Кей адамдар әлі жетілмеген күйінде қалса, кей адамдар әлдеқашан жетілген болады. Қартайған шағына жетсе де тасқындаған физиологиялық қабілетін сақтайтын адамдар да болады. Ал, енді біреулер орта жасқа жеткенде-ақ қаусап, қартайып кетеді.
Психологиялық жасы
Қыршын жас бола тұра психологиялық сапа жағынан қартаң тартқан адамдардың бар екені шындық. Ал, кейбір адам 20 жасқа жетсе де психологиялық жақтан ата-анасынан қол үзгісі келмейді. Жастары 70-80-ге келсе де жастық жалыны алаулап тұрған қарияларды көргенде тамсанбай тұра алмайсыз.
Қоғамдық жасы
Кейде жасы үлкен кісілердің бірер жұмысты атқару барысында балалық істеп, күлкіге қалып, қоғамдық орындарда, кез-келген жерде тұмсығы тасқа тиіп жүреді. Ал, қаршадай бала бола тұра өмірдің қыр-сырына қанық, әлеуметтік қарым-қатынаста жеңістік алып жүретін адамдарды да жиі ұшыратуға болады.
Мейлі қай жаста болсаңыз да, өзіңіздің қадір-қасиетіңізге лайық көрініп, жұмысыңыз бен атқарған ісіңізді табысты жүзеге асырсаңыз болғаны. Табиғаттың сізге сыйлаған тартуын өз қолыңызбен талқандау оп-оңай, керісінше оның игілігін көру де өз қолыңызда.
Дайындаған: Сұңқар Ақбоз
Сурет: nipic.com
M. Auelkhan