Арбаға жегілген екі ат болды. Оның бірі арбаны жанын сала сүйресе, енді бірі кібіртіктеп, жүрісі мандымайтын. Мұны көрген иесі шабан аттың үстіндегі жүкті жүргіш атқа артыпты. Әлгі шабан ат ішінен мәз болып: «Әй, байқұс-ай! Қанша құлшынсаң бұлар саған сонша жүк артады!» деп күліпті. Кім ойлаған, кейін аттың иесі бұл жүкті тасуға бір ғана аттың күші жетеді екен деп ойлайды да, әлгі шабан атты сойып алыпты. Міне бұл, экономика ғылымындағы «Шабан аттың жер құшуы» деп аталатын заң.
Әсеріміз: Адамдар сенің бар-жоқ екеніңмен санаспаса, сенің ол ортадан сыртқа тебілуің әбден мүмкін.
Екі жігіт қаланың ортасынан асхана саудасын қатар бастады. Олар бір-біріне қарама-қарсы орналасты. Бір жылдан кейін жолдың оң жағындағы асхананың иесі қаладан үй алып, көлік мінді. Ал, жолдың сол жағындағы асхананың иесі баяғы қалпында қала берді. Не үшін? Өйткені, жолдың сол жағындағы асханада дайындалған тағамдар қанша жақсы болса да, өте ыстық болған, келген кісі оны жеп тауысу үшін 15 минут уақытын жұмсайды екен. Ал, жолдың оң жағындағы асханада тағамдар дайындалып болған соң, оны 30 секунд уақыт жұмсап арнайы құрылғымен келген қонақтарға суытып беріп отырған. Бұл қаладағы жылдам өмір сүру формасына үйлескендіктен, жолдың оң жағындағы асханаға келушілер саны күн санап артып отырған.
Әсеріміз: Бүгінгі таңда адамдар уақытты ақшаға сатып алады, ал сол сатып алған уақытты кімде болса босқа шығындауға қимайтыны анық.
Саябақта көптеген адамдар серуендеп жүрді. Жол шетінде демалып отырған кісінің көзіне цементке қысылып қалған шаян түсті. Ол шаянды шығарып жіберуге ұмтылып, қолын созып еді, шаян оның қолын шағып ала жаздады. Саябақтағы кісі ақыры шаянды құтқарды. Бұл кісінің қасында тұрған адамдар оған: «Шаянның адамды шағуы оның табиғи болмысы, оны не үшін құтқарасың?» деп кейістік білдірді. Сонда әлгі адам: «Шағу шаянның табиғи болмысы, ал жақсылық жасау адамдардың табиғи болмысы» деп жауап берді.
Әсеріміз: Адамдардың басты қателігі, сыртқы ортаның әсерінен өздеріне тән жақсы қасиеттерінің көбін жоғалтып алуында жатыр.
Дайындаған: Мейіржан Әуелханұлы
Сурет: nipic.com