Оқушы шәкірт ұстазының қасына келіп: "Мұғалім, бір адамда қанша дос болу керек, біреу ме, әлде көп болуы керек пе?",- деп сұрады.
"Өте қарапайым, - деп жауап берді мұғалім, - анау тұрған биік ағаштың басындағы қызыл алмаға қарашы, соны үзіп алып маған алып келе қойшы".
Оқушы шалқайып бір қарап алды да: "Мұғалім, оған менің бойым жетпейді ғой",- деді.
"Достарыңды көмекке шақыр",- деді мұғалім. Оқушы бір сыныптасын шақырып келіп, оның иығына шығып: "Мұғалім, сонда да жетпейді екен",- дейді ұнжұрғасы түіп.
"Одан басқа достарың жоқ па?",- деп мұғалім күле сұрады.
Оқушы спортпен айналысып жүрген тағы бірнеше досын шақырып келіп, пирамида формасында бір-бірлеп шығып қолдарын созса да қолдары жетпеді.
Ұстазы: "Бұдан бір адамға қанша дос қажет екенін түсінген шығарсыңдар?",- деді.
"Мұғалім, көптеген дос болуы керек екен, осындай болғанда ғана әрқандай қиын істі бірлікте шешуге болатындығын түсіндім",- деді бала.
Шәкіртінің сөзіне қанағаттанбаған мұғалім, басын шайқап қойып: "Иә, достың көп болғаны әрине, жақсы. Алайда, көп достың ішінен сатыны ала келуді ойлайтын сұңғыла біреуі шықса қандай жақсы еді!",- деді.
Дайындаған: Сұңқар Ақбоз
Сурет: kaiwind.com