Адамға байланысты атаулар

Қазақта адамға байланысты атаулар көп. Біз соңғы кездері соны ұмытып, немесе шатыстырып бірді-бірге қосып айтып жүрміз. Мысалы, жынысына байланысты бөпе мен бөбек бөлек қолданылады. Ал қазір бәріне бөпе немесе бөбек деп қолдана береміз. Сол секілді басқа да атаулар көп. Төменде соларды бірнеше топқа бөліп ұсындық. “Керек дерек” болар деген үміттеміз.  

Жасына байланысты атаулар

1.1 жасқа дейін: шақалақ, нәресте.

2.1 жастан 2 жасқа дейін: а) қыз бала-бөпе, а) ұл бала-бөбек.

3.2 жастан 3 жасқа дейін: бүлдіршін.

4.3 жастан 5 жасқа дейін: балдырған.

5.6 жастан 7 жасқа дейін: сәби.

6.8 жастан 12 жасқа дейін: ойын баласы.

7.13 жастан 15 жасқа дейін: ересек бала (сығыр) .

8.16 жастан 19 жасқа дейін: бозбала.

9.20 мен 30 жас аралығы: жас жігіт.

10. 30 бен 40 жас аралығы: дүр жігіт.

11. 40 пен 50 жас аралығы: ер түлегі.

12. 50 мен 60 жас аралығы: жігіт ағасы.

13. 60 пен 70 жас аралығы: қарасақал.

14. 70 пен 80 жас аралығы: ақсақал.

15. 80 жастан жоғары: шал, қарт, қария.

 

Адамның қызметыне байланысты атаулар

1. Абыз – білгір, көреген адам.

2. Айдауыл – қолға тұс-кен тұтқынды айдап жүруші.

3. Ақалақшы – сауда керуенінің басшысы.

4. Асаба – той ағасы, дастархан басшысы.

5. Атжам – шылау атын айдаушы.

6. Атқамынер-ел билігіне араласушы адам.

7. Атшабар – хабаршы, шәбәрмен.

8. Бақауыл – ханның бас аспазы, шарап құюшы, дастархан жасаушы.

9. Бек-ру мен тайпаның басшысы.

10. Бержәбәй (кірекеш) – ат арбамен жүк, кісі тасып күн көруші адам.

11. Жайшы – күн жайлатады-мыс деп танылған адам.

12. Күндікші – тұрақты касыбы жоқ, күн сайын жұмысқа жалданатын кісі .

 

Адамның дене пішініне байланысты атаулары

1. Апай төс. Кең кеуделі, омыраулы адамды осылай деп атайды.

2. Бақа көз. Сыртына шығыңқылау томпақ көз.

3. Бақа мойын. Қысқа мойынды адам.

4. Бақа тамақ. Бұғағы түсіңкілеу, жалпақ тамақ.

5. Божбан. Нағыз қара, шойқара.

6. Кетік. Тісі түскен кісіні сыртынан осылай деп, әзілдеп, кекетіп айтуы мүмкін.

7. Қасқыртаңдай. Жоғары жақ сүйектері мен таңдай сүйегінің бірікпеуінен болатын кемістік.

8. Қожбан. Аса ірі, дәу адам.

9. Қоянжырық. Іштен туа біткен кемістік. Ол кемістік ернінде болады.

10. Құныс. Жауырын, белі сыртқа шыға томпайып біткен бүкір.

11. Қызтеке. Еркектік те, әйелдік те жыныстық белгісі бар адам.

12. Пұшық. Жұқпалы аурудың салдарынан мұрны кем болып қалған, батық біткен.

13. Серек құлақ. Ұзынша келген, тікше құлақ.

14. Тобан: тобан аяқ. Башпайдың, табанның не өкшенің кемдігі бар аяқ.

15. Шағыр. Ағы мен аласы көп, шегір көз.

16. Шапаты. Ұзын да, қысқа да емес; шағын (денесі) .

17. Шапыраш. Көзі қисық, қыли.

18. Шарғы. Қысқа бойлы, аласа, тапал.

19. Шәлтік. Шалтиып тұрған, бойы тапал адам.

20. Шегір: шегір көз. Сарғыш келген көз.

21. Ши бақай. Арық, жүдеу.

22. Шой. Орасан зор, дәу, үлкен кісі.

23. Шойнақ. Бір аяғы бір аяғынан қысқа, ақсақ.

24. Шомбал. Ірі, үлкен, кесек.

25. Шотыр. Бетінде дағы бар.

26. Шұнақ. Құлағының ұшы кесілген я жабысып біткен.

27. Шүңірек. Көзі ұясына кіре түскен, шүңірейген.

 

Адамның мінезіне, қылығына байланысты атаулар

1. Әздек. Ерке адамды осылай деп атаған.

2. Бәңші. Нашақор, апиыншы адамның атауы.

3. Бұлан. Еш қиындық көрмей, бұла болып еркін өскен, ерке жігіт, жас.

4. Еркебүлән. Ерке, бұла болып өскен.

5. Еркекшөрә. Ұл балаша киініп өскен қыз.

6. Жүрімпаз. Напсықұмар, жезөкше кісі.

7. Кісікиік. Тағы, жабайы адамды осылай деп атайды.

8. Қатынбасша (қатын-басшы). Қатын-қалаштың ісіне араласушы еркек.

9. Қызылшыл. Етқұмар, қызыл жанды кісі.

10. Ойнасы. Жасырын көңіл қосатын адам, тамыр, ашына.

11. Оңаза. Жалаңдаған ашқарақ, тамақсау, қома-ғай.

12. Оңқай. Жұмысты тек оң қолымен істейтін адам.

13. Сарамжал. Бәрін орын-орнына келтіріп тұратын, ысылған, ұқыпты, бес аспап кісі.

14. Сұрқылтай. Екі жүзды, опасыз, қаскұнем.

15. Тақуа. Дін қағидаларын шын пейілден істейтін адам.

16. Шая. Ашуланшақ, ызақор.

17. Шерменде. Қайғы басқан, мұңды, шерлі.

Дайындаған: Алшын МАТАЙ

Сурет: jasai.kz