- Негізгі бет
- Жаднама
- Адамды қартайтатын күнделікті...
Адамды қартайтатын күнделікті әдеттер
Қауіпсіз және табиғи болып көрінетін кейбір әдеттер шын мәнінде біздің денсаулығымызға айтарлықтай зиян келтіреді және ағзада қажетсіз процестерді тудырады.
Біз кәрілікті тоқтату үшін диетаға ұстауға, косметологтарға өте ауыр процедураларға баруға және қымбат фирмалық дәрілер ішуге дайынбыз. Бірақ күнделікті әдетімізге мән бермейміз, бұл әдеттер керісінше қартаюды жақындатады. Орегон университетінің (АҚШ) ғалымдары жарықдиодты шамдардың қартаюды тездететінін анықтады. Арнайы көк шам смартфондардан, теледидарлардан, компьютерлерден және кейбір қуат үнемдейтін шамдардан шығады.
«Көк жарықтың шамадан тыс әсері біздің негізгі жасушалық функциямызға әсер етеді және ерте қартаюға әкеледі», - деді зерттеу авторларының бірі, Орегон университетінің интеграциялық биология профессоры Ядвига Гибултович.
Жарық әсерінен тері жасушалары нейрондарға дейін зардап шегеді. Зерттеу жеміс шыбындарында жүргізілген, олардың денесі адам сияқты кейбір тітіркендіргіштерге жауап береді.
Ядвига Гибултович Frontiers in Aging ғылыми журналында мұның қалай болатынын түсіндірді: «Жасушаның дұрыс жұмыс істеуі үшін қажетті химиялық заттар — арнайы метаболиттер деңгейі көк жарық кезінде өзгереді. Біздің зерттеулеріміз көк жарықтың шамадан тыс әсерін шектеу ерте қартаюды болдырмаудың жақсы әдісі болуы мүмкін екенін көрсетеді».
Жарықтың әсерінен стресстен қорғайтын гендер қосылады. Бірақ ағза үшін бұл артық жүктеме.
«Біз екі апта бойы жарықта мекен еткен шыбындардағы метаболиттер деңгейін қараңғыда өмір сүрген шыбындармен салыстырдық. Нәтижесінде сукцинат метаболитінің деңгейі жоғарылады, ал глутамат деңгейі төмендеді» дейді Ядвига Гибултович.
Осыған байланысты жасушалар субоптимальды (стандарттан төмен) деңгейде жұмыс істейді, бұл олардың мерзімінен бұрын өлуіне әкеледі.
«Жарықдиодты шамдар дисплей экрандарында: телефондар, компьютерлер, теледидарлардағы жарықтың негізгі көзіне айналды, олар күндізгі жарық ретінде де қолданылады, деп ескертеді зерттеушілер.
Сондықтан адамдар ояу уақытының көп бөлігінде осындай жарықтан зардап шегеді.
Зерттеушілердің айтуынша, шыбындарды зерттеу адамдар күнделікті алатын көк жарықтың «дозасынан» жоғары болатын өте қарқынды жарықтың көмегімен жүргізілген. Сондықтан біз үшін оның салдары соншалықты зиянды болмауы мүмкін. Бірақ жарықтың зиян екеніне Орегон университетінің ғалымдары күмән келтірмейді.
Т. Раушанұлы