- Негізгі бет
- Жаднама
- Адамды жақсы танитын...
Адамды жақсы танитын 5 жұлдыз белгісі
Астрологтардың айтуынша, адамның басқаны түсінуі және алғырлығы оның жұлдыз жорамал белгісіне байланысты. Кей адамдарда бұл қасиеттер аса дами қоймаған, ал басқаларының адамды бірден тани білуіне қарап, экстрасенсорлық қабілеті бар ма деп қаласың.
Сарышаян
Сарышаяндар қандай да бір жағдайға бірден анализ жасап, дұрыс шешімге келе алады. Басқа адам қаншалықты өтірік айтуға тырысса да, олар әрдайым шындықты сезеді. Сондықтан сарышаяндарды аңдаусызда үстінен ұстау мүмкін емес, олардың алғырлығы мен логикасы оған мүмкіндік бермейді.
Шаян
Шаяндар эмоция мен сезімге берілгіш келеді. Олармен сөйлескен әр адам өзін жайлы сезінеді. Олар басқа адамның көңіл күйін, проблемасын немесе қуанышын бірден байқайды. Бірақ шаяндардың бұл қабілеті кейде өздеріне кері әсерін береді, себебі олар басқаның қайғысын жүрегіне жақын қабылдайды.
Бикеш
Кейде адамдар өздерінің қандай да бір әрекеті, сөзі немесе реакциясы елеусіз қалды деп ойлауы мүмкін, бірақ әр ұсақ-түйекке мән беретін жұлдыз белгісі бар. Ол — бикештер. Олар айналадағы кез келген өзгерісті байқайды: ол басқа адамдардың әрекетіндегі немесе жалпы қоршаған ортадағы өзгеріс болуы мүмкін. Әрине, соған қарай шешім қабылдайды. Бикештердің есте сақтау қабілеті өте жақсы. Сондықтан олар сіздің психологиялық портретіңізді жылдам құрады.
Таразы
Таразылардың басқалар мән бермейтін нәрселерді көретін және сезетін қабілеті бар. Соның арқасында олар үнемі сабыр сақтап, жағдайды өте мұқият бағалайды. Таразылар көбіне адамның қандай да бір жағдайда өзін қалай ұстайтынын болжай алады. Оған қоса, ондай жағдайда ол адам өзін қалай сезінетінін де біледі, сондықтан міндетті түрде өз көмегін ұсынады.
Балықтар
Балықтар логикасына қарағанда жиі интуициясына сенеді: нәтижесінде, олар дұрыс болып шығады. Балықтардың көңілін қалдыру мүмкін емес, себебі олар сізден не күтуге болатынын біліп-ақ тұрады.