- Негізгі бет
- Жаднама
- Адамды бақытты ететін...
Адамды бақытты ететін 20 іс
Адамның бақытты болуы өз қолында. Айналаңызға шуақ шашып, жақындарыңыздың жүрегіне жол табудың өзі ерекше сезім сыйлайды. Кез келген сәттен, кез келген істен бақыттың бал дәмін сезінуге болады. Біз сіздерге адам баласын бақытты ететін 20 әдіс жөнінде айтпақпыз.
1. Автобус аялдамасында тұрған кезіңізде жаурап тұрған бейтаныс адамға қолшатыр ұсыну.
2. Көшеде кетіп бара жатқан жанның сөмкесіндегі немесе дорбасындағы ұсақ-түйек заттарын шашып алғанын көрген кезіңізде жинауға көмектесу.
3. Досыңыз суық тиіп ауырып қалса, ем жасауға көмектесу.
4. Жұмыстағы әріптестеріңізге шай, кофе құйып беру.
5. Адам толы автобус ішінде тұрғанда үлкендерге орын беру.
6. Әлдекімге, досыңызға яки туысыңызға себепсіз телефон соғып, хал сұрау.
7. Көршіңіздің де автокөлік қоятын орнын қардан тазалау.
8. Еш боямасыз, шынайы, ақтарыла әңгімелесу.
9. Балалармен бірге уақыт өткізу, ойнау.
10. Әріптестермен бірге тамақтану.
11. Екінші жартыңызбен бірге киноға бару.
12. Досыңызға балмұздақ әперу.
13. Әлдекімге сирек кездесетін музыкалық пластинка сыйлау.
14. Ақ қағазға жан сырыңызды төгіп хат жазу.
15. Сүйіктіңіздің үстеліне жазба қалдырып кету.
16. Бағдаршамнан өте алмай тұрған қарияны қолынан ұстап келесі бетке өткізу.
17. Қар жапалақтап жауып тұрған шақта қыдыру.
18. Әпкеңіз іссапарға кеткенде бөлмесін безендіріп қою.
19. Жол бойында жөн сұраған адамның сұрағанына жауап беріп, жөн сілтеу.
20. Жақыныңыздың құлағына жай ғана сізге керек екенін сыбырлап айтыңыз.
Ж. Жұмағұлов