- Негізгі бет
- Жаднама
- Адамдарды өзіме қалай...
Адамдарды өзіме қалай қызықтырсам болады?
Егер сіз бөгде адамның көзіне қызықты немесе жарқын жүзді болып көрінгіңіз келсе, келесі кеңестерге құлақ салыңыз.
1. Өзіңе деген сенімділік. Өзін байсалды ұстайтын кісілер қоғамда әрқашан байыпты қабылданған. Сол себепті ондай кісілер өзгелер тарапынан көп ықыласқа бөленеді. Ал егер өзіңе сенімді болмаған жағдайда не істеуге болады? Ондай сәтте сіз жай ғана өзіңізді сенімді адам секілді ұстауға тырысыңыз. Тік жүріп, дөп басып сөйлесеңіз жетіп жатыр.
2. Өй-өрісті дамытып, білім суынан нәр алыңыз. Кітап, газет, журнал, ғаламтор жаңалықтарын оқыңыз. Қоғамда қандай өзгерістер болып жатқандығынан хабардар болыңыз. Егер сіз осы қағиданы жақсылап тұрып бекітіп, мығым ұстанатын болсаңыз, кез келген адаммен әңгіме-дүкен құру оңайға түседі.
3. Сүйікті іспен айналысу. Өзіңіз қызығатын іспен айналысыңыз. Мысалы, футбол, баскетбол, топтама жинау, сурет салу, йога, би т.с.с. Хобби ол тек жеке мүддеге ғана керек емес, сонымен қатар таныс адамыңызбен ортақ дүние арқылы жақсы қарым-қатынас қалыптастыру болып табылады.
4. Кеңес кітабын жасау. Жоғарыдағы амалдарды қолданғаннан кейін сізден міндетті түрде тамаша әңгімелесуші шығады. Сол себепті сіздің достарыңыз, таныстарыңыз сізден кеңес сұрауға жиі ат басын бұрып тұрады. Сондықтан өзіңіз пайдалы деп тапқан ақыл-кеңестеріңізді бір дәптерге жинақтап, толықтырып жүргеніңіз абзал. Сізге болмаса да өзге біреуге бір пайдасы тиіп қалары анық.
5. Жақсы әзіл-қалжың айту. Жақсы әзілдей білу – тартымды адамның ең басты қасиеттерінің бірі.
6. Өзімшіл болмаңыз. Әңгіме кезінде адам өзі туралы әңгімелей беретін болса, ол әңгімелесушіні кейітіп, шаршатып жіберуі мүмкін.
8. Сөздік қорын көбейту. «Жақсы тауып айтар, жаман қауып айтар» демекші, сөйлеген сөзіңіз мәнді де, сәнді болуы шарт.
8. Өзіңіздің жеке проблемаңызды өзге біреуге тіс жармаңыз.
9. Біреуді қызықтыру мақсатында өсек айту үлкен қателік. Бұл сіздің абыройыңызға нұқсан келтіреді. Адамдар сізден қашқақтайтын болады.
С. Ерсін