- Негізгі бет
- Жаднама
- Адам ұйықтағанда неге...
Адам ұйықтағанда неге сөйлейді?
Кейбір адамдардың түнде сөйлейтін әдеті бар. Егер адам түнде ұйықтап жатқанда қорылдау мен бірге сөйлейтін болса оның денсаулыққа айтарлықтай зияны бар дейді дәрігерлер. Бұл проблемадан зардап шегетін адамдардың ұйқысы дұрыс емес, күндіз ұйқышылдықтан зардап шегеді.
Дәрігер, психолог, гипнотерапевт Ирина Нуждова адамдар ұйықтап жатып неге сөйлейтінін және оның денсаулыққа қаншалықты зиян екенін айтты.
Неліктен адамдар ұйықтап жатқанда сөйлейді?
Түнде ұйықтап жатқанда сөйлеу мидың демалмайтынын білдіреді. Ми күндіз болған оқиғаларды талдау кезінде адам бір-біріне сәйкес келмейтін және ешқандай мағынасы жоқ сөздер айтады.
Адамның ұйқыда сөйлеуінің негізгі себептері:
Балалық шақта жүйке жүйесінің дамуы, жаңа сөздер мен сөйлемдердің дамуы;
Физикалық немесе психикалық күйзеліс;
Тұқым қуалаушылық;
Эпилепсия немесе басқа психикалық патологиялар;
Айкезбе адам түнде сөйлейді;
Ұйқы неғұрлым терең болса, ми соғұрлым сергек болады.
Әрқайсымыз түнде дененің барлық функциялары, соның ішінде демалуды қажет ететін мидың қызметі баяулайтынын білеміз. Ұйқы неғұрлым терең болса, таңертең өзімізді соғұрлым сергек сезінеміз. Ал, түнде адам ұйықтап жатып сөйлеп, қорылдайтын болса таңертең шаршап тұрады.
© sunmag.me
Ұйықтағанда сөйлеудің зияны?
Сөйлеумен қатар, адам қатты қорылдағанда немесе тыныс алу мезгіл-мезгіл тоқтап қалса бұл денсаулыққа зиян:
Жүрек соғысының бұзылу қаупі артады. Жүректің және тыныс алудың тоқтап қалуынан кенет адам өліп кетеді.
Түнде сөйлейтін адамның күндіз ұйқысы келіп жүреді. Соның салдарынан жазатайым оқиғалар, өндірістік апаттар, жарақаттар болуы мүмкін.
Қан қысымының жоғарылауы.
Күйзеліс, бұл метаболикалық бұзылуларға және онымен байланысты семіздікке, қант диабетіне, қалқанша безінің проблемаларына, бүйрек үсті бездеріне әкеледі.
Инсульт қаупі артады.
Кімдерде кездеседі?
Негізінде, ұйықтап жатқанда сөйлеу көптеген адамдарға тән. Негізінен одан алкогольді асыра пайдаланатын, стресстік жағдайларда жұмыс істейтін және артық салмағы бар адамдар зардап шегеді.
Сонымен қатар, ұйықтағанда сөйлеу аллергиямен ауыратын адамдарда және мұрын-жұтқыншақ пен параназальды синустарда созылмалы патологиясы бар адамдарда кездеседі.
Ұйықтағанда сөйлеу әртүрлі дәрі-дәрмектерді қабылдайтын адамдарда, темекі шегетіндерде, қалқанша безінің проблемалары мен өкпе патологиясынан зардап шегетін адамдарда болады.
Т. Раушанұлы