- Негізгі бет
- Жаднама
- Адам тіршілігінің жеті...
Адам тіршілігінің жеті кезеңі
Тіршілік атаулының үздіксіз жүріп отыратын өзіндік кезеңдері бар. Өмір жалғаса береді. Уақыт ешқашан бір орында тұрақтамайды. Дәл сол секілді адам өмірінің де белгілі кезеңдері бар. Сіз адам тіршілігінің 7 кезеңі жайлы білесіз бе!
1. Ана құрсағындағы шарана кез – алаңсыз, бейқам өмірдің ең тәтті тұсы. Сен өмірге өкпе артпайсың, өмір саған өкпе артпайды.
2. Жөргектегі сәбилік кез – сені ешкім түсінбейді, сен ешкімге алаңдамайсың. Жұпар иісіңе ештеңе тең келмей, жөргек төсегіңде алаңсыз тағы бір кезең өтеді.
3. Шапқылап жүрер балалық шақ – ес кіреді. Сүрінесің, құлайсың. Кей жерде өтірік жылайсың, кей жерде шынайы жылайсың. Бұл кезеңде де сен ешкімге алаңдамайсың. Сен үшін ата-ана алаңдайды.
4. Жастық дәурен – албырттықтың ауылына келдіңіз. Сізге бәрі жарасады. Көп дүние кешірімді. Ойланасыз. Ой саласыз. Таңдау беріледі. Мүмкіндіктер пайда болады.
5. Мосқалдық асу – біреу үшін алаңдайтын кезең. Өз басыңызды емес, жақыныңызға да жан ашитын тұс. Ақыл тоқтатасыз. Біреу үшін өмір сүруге толықтай көнесіз.
6. Егделік белес – келмес күнді көп ойлайсыз. Кеткен қателікке көз жүгіртесіз. Тынымсыз еңбекті бағалайсыз. Ақыл айтуға бейімделесіз.
7. Кәрілік түйін – ұрпаққа не қалдырғаныңызды ойлайсыз. Өмір сүрудегі мақсатыңызды түсінесіз. Келер ұрпақ үшін алаңдайсыз. Қателіктерге өкінесің.
Көріп отырғандарыңыздай әр кезеңнің өз қызығы бар. Әр адамның өз дәурені бар. Қалай өмір сүресіз? Нені таңдайсыз? Қай бағыт дұрыс? Кез келген дүниені шешуге толықтай құқылысыз. Өмір сүріңіз, өкінбейтіндей. Әр кезеңіңіз келер ұрпаққа өнеге боларлықтай дүниелерге толы болсын!!!
Ә. Жутаева