- Негізгі бет
- Жаднама
- Адам есімін есте...
Адам есімін есте сақтаудың оңай жолдары
Адамдардың әсіресе, жаңа таныстардың есімдерін есте сақтау − есте сақтау қабілетін қажет ететіні белгілі. Бұл тікелей адамның жадына байланысты болғанымен, өмірде сан түрлі адамдар болады. Кейбірі бір көргеннен бәрін есінде жақсы ұстаса, енді бірі адам есімін, түр келбетін есте сақтай алмайды. Ендеше адам есімін есте сақтаудың тиімді жолдарын назарларыңызға ұсынамыз.
Есте сақтау қабілетін дамыту адамның бойындағы басқа да қабілеттердің дамуына жол ашады. Мәселен, есте сақтау қабілеті жақсы жұмыс істейтін адамдардың елестету қаблеті мен фантазиясы, қиялы дамуы жағынан әлдеқайда алда болады. Сонымен қатар кез келген мәселені шешуде өзінің шығармашылық тұрғысымен қарайды.
Адам есімін есте сақтау үшін:
1. Ең алғаш танысқан адамыңыздың есімін іштей бірнеше рет қайталаңыз. Тіпті есімінің қалай жазылатынын сұрасаңызда болады немесе «Танысқаныма қуаныштымын ...» деп есімін қосып айтсаңыз болады.
2.ьЖаңа ғана естіген есімді белгілі бір визуалды образбен байланыстырған жөн. Мәселен, есімінің айтылуындағы ерекшелік немесе сырт келбетіндегі ерекшелікті ескеріңіз.
3. Есімге сәйкес келетін образ құрастырыңыз. Мәселен, жаңа танысыңыздың есімі Қарлығаш болса оны қарлығаш құсымен немесе тағы бір детальдармен байланыстырып образ жасауға болады немесе ескі таныстықтардың арасында осымен аттас кісіні еске түсіріңіз.
4. Алғашқы таныстықта екінші тараптың әрбір сөзін мұқият тыңдап үйреніңіз. Себебі, адамдар өздерінің ойлары мен мәселелері (проблемалары) есебінен көп нәрсені есте сақтай бермейді. Сол себепті жаңа танысыңыз өзін таныстырып немесе өзі туралы айтып жатқанда өзіңіздің не айтатыныңызды ойламай, мұқият тыңдап, әрбір сөзін есте сақтай біліңіз.
5. Жаңа ақпаратты тағы да бір ой елегінен өткізіңіз. Яғни, аздаған уақыт өткен соң жаңа танысқан адамның есімін, оның қандай жұмыспен айналысатыны жөніндегі ақпаратты еске түсіріңіз.
Н. Үсенова