Ctrl мен пернетақтадағы әріптерді басқанда, Word жүйесіндегі мәтіндерде қандай өзгерістер жасауға болады? Ендеше, назар аударыңыз.
Ctrl мен А-ны қосып басу арқылы бәрін таңдап алуға болады;
Ctrl мен S-ті қосып басу арқылы сақтауға болады;
Ctrl мен D-ны қосып басу арқылы шрифт нұсқасын өзгертуге болады;
Ctrl мен F батырмасын басу арқылы мақала ішінен бірер сөзді немесе мәтінді табуға болады;
Ctrl мен G-ны қосып басу арқылы іздеу және беттер арасынан іздеуге болады;
Ctrl мен H батырмасын қоса басу арқылы мақаладағы шрифті басқа шрифт түріне өзгертуге болады;
Ctrl мен K батырмасын басу арқылы сілтеме қосуға болады;
Ctrl мен R батырмасын басу арқылы жазба жолын сол жаққа тартуға болады;
Ctrl мен E-ны басу арқылы жолдағы жазбаны ортаға жылжытуға болады;
Ctrl мен L батырмасын басу арқылы жазба мәтінін оң жаққа жылжытуға болады;
Ctrl мен Z батырмасын басу арқылы істелген жұмысты артқа қайтаруға болады;
Ctrl мен Y батырмасын басу арқылы алдыға қайтқан жұмысты қайта қалпына келтіруге болады ( дәл Ctrl мен Z қызметіне қарама-қарсы);
Ctrl мен C батырмасын қоса басу арқылы көшірме жасауға болады;
Ctrl мен Х батырмасын бірге басу арқылы мәтінді кесіп алуға болады;
Ctrl мен V-ны басу арқылы көшірілген мәтінді қоюға болады;
Ctrl мен N батырмасы арқылы жаңа құжат терезесін ашуға болады;
Ctrl мен H арқылы мәтінді жеке-жеке жолдар бойынша орналастыруға болады;
Ctrl мен В-мен әріпті қарайтуға болады;
Ctrl мен І арқылы әріптерді қисайтуға болады;
Ctrl мен U арқылы мәтіннің астына сызық сызуға болады;
Бұдан бөлек, Ctrl мен ] және [ белгілерін басу арқылы талдап алынған мәтінді үлкейтуға және кішірейтуге болады.
(Ескерту, мұндағы әріптердің бәрін тек ағылшын әріптері арқылы істеу керек).
Авторы: Сұңқар Ақбоз
Сурет: digbase.net