Қазіргі өмірді сымсыз технологиясыз елестету қиын. Барлық дерлік кафеде, үйде, саябақта Wifi көмегімен интернетке қосылуға мүмкіндік бар. Wifi денсаулыққа зиян тигізуі мүмкін бе?
Бұл сұрақтың айналасында екіжақты пікірлер бар. Алайда Wifi қаншалықты зиян екенін нақты айту мүмкін емес. Бірақ оның зияны біз күнде қолданатын үйдегі басқа тұрмыстық құралдарға қарағанда аз екені белгілі.
Егер оның мүмкін әсерінен қорықсаңыз, кей қарапайым ережелерді сақтау жеткілікті:
- Сигналды қабылдайтын құрылғыны тізеңізге қойып отырмаңыз және жалпы жұмыс үстелінің немесе дастарханның үстіне қоймаған жөн;
- Мүмкіндігінше, пәтердегі wifi роутерді отбасы мүшелері ұйықтайтын немесе көп отыратын жерге, мысалы, жатын бөлме, қонақ бөлме немесе асүйге қондырмаған дұрыс. Ең дұрысы – оны кіреберіске қою;
- Егер интернетті қолданбасаңыз, роутерді сөндіріп тастаңыз.