National Geographic стилінде қалай фото түсіруге болады?

National Geographic стилінде қалай фото түсіруге болады?
Фото: diyphotography.net

Боб Холмс (Bob Holmes) – туристік фотография жанрындағы танымал кәсіби фотограф. Ол көп саяхаттайды және табиғи жарықты пайдаланудың шеберіне айналған. Холмс Travel Photographer катгориясында үш мәрте жыл фотографы атанып, 46 кітап жазып үлгерген. Фотограф жұмыстары ірі басылымдарда жарияланып келеді. Холмстың айтуынша, ол "National Geographic стилінде" суретке түсіргендіктен қазіргі жетістіктеріне жеткен. 

Advancing Your Photography дайындаған 9 минуттық видеода Боб Холмс фотографтарға кеңестерін айтады.

Видеода айтылған маңызды кеңестер:

• Өз құрылғыңызды ұсақ детальдарына дейін зерттеп алыңыз. Фотоаппарат барьер болмауы тиіс.

• Көзіңізді өзге ақпарат құралдары арқылы жаттықтырыңыз. Мысалы мен ХХ ғасырдағы көркемөнерге қарап шыңдалдым.

• Суретке керек контекст беретін акцент нүктелерді іздеңіз.

• Объектімен 100%-тік байланыс орнатып, оны сезіне біліңіз.

• Жарқын түстер мен геометриялық фигураларды іздеңіз.

• Кадрға түсетін заттың барлығына назар аударыңыз. Егер онда артық зат пен қимыл болса, тек өзіңіз ғана кінәлісіз.

Massaget.kz