Кәсіби байланыс орнатуға арналған LinkedIn әлеуметтік желісі 2020 жылы сұранысқа ие болатын мамандықтарды атады. Тізімдегі мамандықтың көбі ақпараттық технологиямен байланысты.
1. Жасанды интеллект маманы
Мамандық сипаты: жасанды интеллект технологиясын енгізумен айналысатын маман.
Керек дағды: машинамен оқытуды меңгеру, TensorFlow, Python, табиғи тілді өңдеу.
2. Робототехник-инженер
Мамандық сипаты: робот жасайтын маман.
Керек дағды: робот жобасын жасай алу, UiPath, Blue Prism, процестерді автоматизациялау.
3. Деректер аналитикасы маманы (Data Scientist)
Мамандық сипаты: үлкен массив дерекерді өңдеп, талдап, сақтайтын маман.
Керек дағды: деректердің статистикалық талдауын жасау, математикалық модельдерді жасай алу, үлкен массив деректермен жұмыс істей білу.
4. Full-stack маманы
Мамандық сипаты: тұтас веб-қосымша (қолданбалы және сервер) жасайтын маман.
Керек дағды: React.js, Node.js, JavaScript, AngularJS.
5. Сайт беріктігінің инженері (Site Reliability Engineer)
Мамандық сипаты: қосымшаның, сайттың берік, сенімді жұмысын қамтамасыз ететін инженер-программист.
Керек дағды: сайтқа, қосымшаға жаңа технологияларды таңдап, енгізу.
6. Клиент жағдайын жасайтын маман (Customer Success Specialists)
Мамандық сипаты: клиенттің сервиске көңілі толғанын, сервис мүмкіндіктерін пайдалана алуын қамтамасыз ететін маман.
Керек дағды: маркетинг, жарнама, қаржы қызметі, ақпараттық технология.
7. Сату маманы
Мамандық сипаты: клиенттерге тауардың артықшылығын айтып бере алатын маман.
Керек дағды: сата білу, лидер болу, эмпатия.
8. Дата-инженер
Мамандық сипаты: деректерді алуға, өңдеуге, жүктеуге қабілетті маман.
Керек дағды: Apache Spark, Hadoop, Python, Extract/Transform / Load (ETL), Amazon Web Services.
9. Психиатр, мінез-құлық психологы
Мамандық сипаты: кәсіби көмек көрсететін, консультация беретін психотерапевт.
Керек дағды: мінез-құлықты талдай білу, аутизм спектріндегі ауытқуды анықтай алу, кәсіби білім.
10. Киберқауіпсіздік маманы
Мамандық сипаты: ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ететін маман.
Керек дағды: жобаның осал жерін анықтай алу, қолданушы деректерінің қауіпсіздігін қамтамсыз ету.
11. Back-end маманы
Мамандық сипаты: веб-қосымшаның әкімшілік-бағдарламалық бөлігімен, жүйенің ішкі мазмұнымен, деректер базасымен, архитектурасы мен бағдарлама логикасымен айналысатын маман.
Керек дағды: Node.js, JavaScript, Amazon Web Services, Git, MongoDB.
12. Табыс директоры (CRO)
Мамандық сипаты: веб-қосымшаның әкімшілік-бағдарламалық бөлігімен, жүйенің ішкі мазмұнымен, деректер базасымен, бағдарлама логикасымен айналысатын маман.
Керек дағды: қаржы, жарнама, маркетинг, ақпараттық технология.
13. Бұлт технологиясы маманы
Мамандық сипаты: бұлт технологиясын жасайтын, енгізетін маман.
Керек дағды: Amazon Web Services, Docker, Ansible, Jenkins.
14. JavaScript маманы
Мамандық сипаты: JavaScript бағдарламалау тілін қолданатын программист.
Керек дағды: React.js, Node.js, AngularJS, JavaScript.
15. Өнім иесі (Product Owner)
Мамандық сипаты: өнімнің (тех.) бастан-аяқ жүзеге асуына жауапты маман.
Керек дағды: өнімді басқару, бағдарлама жасақтамасын дайындау.