LinkedIn: 2020 жылы сұранысқа ие болатын 15 мамандық

LinkedIn: 2020 жылы сұранысқа ие болатын 15 мамандық
Фото: dribbble.com/RytisJo

Кәсіби байланыс орнатуға арналған LinkedIn әлеуметтік желісі 2020 жылы сұранысқа ие болатын мамандықтарды атады. Тізімдегі мамандықтың көбі ақпараттық технологиямен байланысты.

1. Жасанды интеллект маманы

Мамандық сипаты: жасанды интеллект технологиясын енгізумен айналысатын маман.
Керек дағды: машинамен оқытуды меңгеру, TensorFlow, Python, табиғи тілді өңдеу.

2. Робототехник-инженер

Мамандық сипаты: робот жасайтын маман.
Керек дағды: робот жобасын жасай алу, UiPath, Blue Prism, процестерді автоматизациялау.

3. Деректер аналитикасы маманы (Data Scientist)

Мамандық сипаты: үлкен массив дерекерді өңдеп, талдап, сақтайтын маман.
Керек дағды: деректердің статистикалық талдауын жасау, математикалық модельдерді жасай алу, үлкен массив деректермен жұмыс істей білу.

4. Full-stack маманы

Мамандық сипаты: тұтас веб-қосымша (қолданбалы және сервер) жасайтын маман.
Керек дағды: React.js, Node.js, JavaScript, AngularJS.

5. Сайт беріктігінің инженері (Site Reliability Engineer)

Мамандық сипаты: қосымшаның, сайттың берік, сенімді жұмысын қамтамасыз ететін инженер-программист.
Керек дағды: сайтқа, қосымшаға жаңа технологияларды таңдап, енгізу.

6. Клиент жағдайын жасайтын маман (Customer Success Specialists)

Мамандық сипаты: клиенттің сервиске көңілі толғанын, сервис мүмкіндіктерін пайдалана алуын қамтамасыз ететін маман.
Керек дағды: маркетинг, жарнама, қаржы қызметі, ақпараттық технология.

7. Сату маманы

Мамандық сипаты: клиенттерге тауардың артықшылығын айтып бере алатын маман.
Керек дағды: сата білу, лидер болу, эмпатия.

8. Дата-инженер

Мамандық сипаты: деректерді алуға, өңдеуге, жүктеуге қабілетті маман.
Керек дағды: Apache Spark, Hadoop, Python, Extract/Transform / Load (ETL), Amazon Web Services.

9. Психиатр, мінез-құлық психологы

Мамандық сипаты: кәсіби көмек көрсететін, консультация беретін психотерапевт.
Керек дағды: мінез-құлықты талдай білу, аутизм спектріндегі ауытқуды анықтай алу, кәсіби білім.

10. Киберқауіпсіздік маманы

Мамандық сипаты: ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ететін маман.
Керек дағды: жобаның осал жерін анықтай алу, қолданушы деректерінің қауіпсіздігін қамтамсыз ету.

11. Back-end маманы

Мамандық сипаты: веб-қосымшаның әкімшілік-бағдарламалық бөлігімен, жүйенің ішкі мазмұнымен, деректер базасымен, архитектурасы мен бағдарлама логикасымен айналысатын маман.
Керек дағды: Node.js, JavaScript, Amazon Web Services, Git, MongoDB.

12. Табыс директоры (CRO)

Мамандық сипаты: веб-қосымшаның әкімшілік-бағдарламалық бөлігімен, жүйенің ішкі мазмұнымен, деректер базасымен, бағдарлама логикасымен айналысатын маман.
Керек дағды: қаржы, жарнама, маркетинг, ақпараттық технология.

13. Бұлт технологиясы маманы

Мамандық сипаты: бұлт технологиясын жасайтын, енгізетін маман.
Керек дағды: Amazon Web Services, Docker, Ansible, Jenkins.

14. JavaScript маманы

Мамандық сипаты: JavaScript  бағдарламалау тілін қолданатын программист.
Керек дағды: 
React.js, Node.js, AngularJS, JavaScript.

15. Өнім иесі (Product Owner)

Мамандық сипаты: өнімнің (тех.) бастан-аяқ жүзеге асуына жауапты маман.
Керек дағды: өнімді басқару, бағдарлама жасақтамасын дайындау.

Massaget.kz