Мемлекеттік қызметті онлайн алу үдерісін дамыту "Digital Kazakhstan" жобасының басты бағыттарына жатады. Бұл жоба аясында 2020 жылға дейін мемлекеттік қызметті проактивті түрде беру принцциптері енгізіледі.
Электронды үкімет қызметін оңтайландыру мақсатында бірқатар онлайн қызмет түрлерін алу үшін электродық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) талап етілмейді.
Электронды үкімет порталы арқылы ЭЦҚ-сыз алуға болатын онлайн қызметтері тізімі:
1. Жылжымайтын мүліктің жоқ (бар) екендігі туралы анықтама беру
2. Жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар және тоқтатылған құқықтар туралы анықтамалар беру
3. Жылжымалы мүлік кепілінің тізілімінен үзінді беру
4. «Заңды тұлғалар» мемлекеттік деректер қорынан анықтама беру
5. Азаматтық хал актiлерiн тiркеу туралы қайтадан куәлiктер немесе анықтамалар беру
6. Жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (ауыртпалықтарды) және оның техникалық сипаттамалары туралы анықтама беру
7. Жылжымайтын мүлiк объектiлерi жоспарын (схемасын) қоса алғанда, тiркеу iсi құжаттарының көшiрмелерiн беру
8. Жылжымайтын мүліктің меншік иесі (құқық иесі) туралы мәліметті қамтитын техникалық паспортқа қосымша беру
9. Жылжымайтын мүлікке құқық белгiлейтiн құжаттың телнұсқасын алу
10. Жылжымайтын мүлiк объектiлерiнiң техникалық паспортын беру
11. Жылжымайтын мүлiк объектiлерiнің техникалық паспорттың телнұсқасын беру
12. Дәрігерді үйге шақыру
13. Дәрігер қабылдауына жазылу
14. Мекенжай анықтамасын алу
15. Мұрағаттық анықтамалар беру
16. Әскери қызметін өтеу туралы анықтама алу
17. Жеңілдіктерге ие тұлғаларға анықтама беру
18. Алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсететін медицина ұйымдарына тіркелу
19. Мемлекеттiк қызметшiлерді, бос мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасуға үміткерлерді және құқық қорғау қызметіне алғаш рет кіретін азаматтарды тестілеу
20. Сотталғандығы болуы не болмауы туралы анықтама беру