95 постерге сыйып кеткен философиялық ағымдар

95 постерге сыйып кеткен философиялық ағымдар
Фото: studiocarreras.com

Дизайнер Дженис Каррерас мүмкін еместей көрінген дүние жасап шықты. Ол 100-ге жуық постерге минималистік стильде бүкіл философиялық ағымды абстрактілі түрде салып шыққан. "Philographics" деп аталатын оның жобасы 95 суретті құрайды. Солардың ішіндегі бірнешеуін назарларыңызға ұсынамыз.

Нигилизм – қоғамда қалыптасқан мәдени құндылықтар мен мұраларды, моральдық нормалар мен түсініктерді қайта қарауды, жоққа шығаруды білдіретін ұғым.

Объективизм – сыртқы физикалық және әлеуметтік әлемнің ешбір өзгеріссіз «объективті» бейнесі және өзіндік пайымдау әсерінсіз шынайы суретінің мүмкіндігі жайлы түсінік.

Дедукционизм – бірінші гипотеза ұсынылып, кейін оны эмпирикалық тәжірибемен жоққа шығаратын көзқарас.

Экзистенциализм – адам өмірінің мәні, оның тұлғалық болмысы жайлы батыс философиясындағы иррационалистік бағыт. Адамның өзіндік Менін тануы өмір мен өлімнің мәні, еркіндіктің мағынасы, адамгершілік, рахымдылық, сұлулық, әділеттілік пен ақиқат, адамның дүниеге келудегі мақсаты, қоғамдағы орны сияқты көптеген философиялық мәселелердің шешімін табуға итермелейді. Экзистенциализм бағыты өкілдерінің көзқарасы бойынша: өзіндік Менін түйсіну және өзгемен санасу адамды саналы әрекетке жетелейді. Өзгенің бостандығына қол сұққан жағдайда бостандықтың қадірін білетін адамның ар-ожданы бас көтеруге тиісті. Қоғам егер осындай еркін тұлғалардан құралса, онда үйлесімді, шығармашылық байланыстағы, бірін-бірі түсінетін, әрқайсысы өз құқығын білуімен қатар, өз міндеті мен жауапкершілігін толық сезінетін толыққанды қауымға айналады деп білді.

Скептицизм – объективті шындықты дұрыс тану мүмкіндігіне күдікпен, бір нәрсеге сыни тұрғыдан қарайтын философиялық бағыт. Бұл жағынан скептицизм агностицизмге – дүниені танып білу мүмкіндігін жоққа шығаратын философиялық бағытқа жақын.

Гедонизм – ләззат алуды (негізінен сезімдік) тіршіліктің бастауы мен өмір мағынасы деп таниды. Жақсы игілік рақаттануға жеткізеді, жамандық қайғы-қасірет әкеледі. Геодонизмнің салыстырмалы толық ілімін Сократ шәкірті Аристип қалыптастырған. Эпикурейшілдікте геодонизм принципі сезімдік ләззаттардан рухтың тыныштығына (атараксия) және қасіреттен кұтылу жолдарын іздеуге көбірек бағытталған.

Дуализм (екі жақты) – материалдық және рухани мәдениетті екі қарама-қарсы, бірақ негізі мәдени элементте бір-бірімен тығыз байланыста болады деп қарастыратын ілім, яғни негізгі формалары екі қарама-қарсы түрлерге жататын, бір-біріне айнала алмайтындығы туралы доктрина.

Massaget.kz