Еуропада тыйым салынған. ГМО тағамдары зиян ба?

Біз базардан немесе дүкеннен азық-түлік өнімдерін сатып алғанда, "ГМО немесе ГМО-сыз" деген жазуды байқаймыз. Тұтынушылар генетикалық түрлендірілген тағамдарға күмәнмен қарайды. Ғылымның дамуымен гендік түрлендірілген азық-түліктер де көбейіп келеді.

ГМО деген не?

ГМО (гендік модификацияланған  организмдер) – геннің жиынтығы жасанды түрде өзгертілген организм. ГМО көбінесе ауыл шаруашылығында және тамақ өнеркәсібінде қолданылатын өсімдік түрлері. Бұл гербицид пен пестицидке төзімділікті арттыру, зиянкестерге төзімділікті арттыру және  егіннің өнімділігін арттыру үшін  құрамына бөтен гендер орналастырылған өсімдіктер.

Ал генетикалық әдістерді қолдану селекционерлерге өнімнен кездейсоқ элементтерді оңай алып тастауға мүмкіндік берді. Генетикалық тұрғыдан қандай гендердің дәмге, қайсысы өлшемге жауап беретінін анықтауға және гендерді тезірек, тиімдірек ауыстыру мүмкін болады.

Қандай генетикалық технологиялар қолданылады?

Генетикалық модификация. Бұл әдіс әлемнің көптеген елдерінде 20 жылдан бері қолданылып келеді. Генетикалық түрлендірілген организмдер (ГМО) өсімдіктерге басқа өсімдіктердің немесе тіпті жануарлардың ДНҚ-сын қоса алады. Бұл әдіс арқылы табиғи өсіру арқылы жасауға болмайтын жаңа сорттар мен түрлер пайда болады.

Цисгенезис. Өсімдікке өте жақын сорттардың гендері ғана қолданылады. Цисгениз әдісін қолданып гендерді өзгертуге рұқсат етіледі, егер ол арқылы қол жеткізілген нәтижеге табиғи өсіру арқылы да қол жеткізуге болатын болса. Одан артық жағдайда гендерді өзгерту мүмкін емес.

Генетикалық редакциялау. Бұл әдіс басқалармен салыстырғанда салыстырмалы түрде жаңа әдіс. Онда өсімдік ДНҚ-ның кішкене бөлігін алып тастауға болады. Бірақ оған басқа өсімдік немесе жануар ДНҚ қосылмайды.

Генетикалық түрлендірілген тағамдарды өсіру басталды ма?

Жапонияда сіз тыныштандыратын қасиеттері бар генетикалық түрлендірілген қызанақтарды, сушиге жарамды арнайы өсірілген теңіз балдырларын сатып ала аласыз.

АҚШ фирмалары тұқымсыз құлпынай түрін өсіруге талыпыныс жасап жатыр.

Ал Ұлыбританияда зерттеушілер D дәруменіне бай қызанақты өсіруге тәжірибе жасап жатыр.

Англиядағы Хертфордшир университетінің ғалымдары бидайдың жаңа сортын генетикалық редакциялаумен айналысып жатыр.

Тамақ өнеркәсібінде генетикалық өңдеу арқылы жаңа сорттарды тезірек ашуға деген ұмтылыс толық үйлесімділікпен өсіп келе жатқан тағамға баса назар аударады. Мысалы, вегандарға арналған өсімдіктер ақуызға бай және ет тұтынуды алмастыра алатындай болуы керек.

Сонымен қатар, климаттың өзгеруіне төзімді сорттарға ерекше көңіл бөлініп жатыр.

Дүние жүзіндегі азық-түлік дақылдарына гендік редакциялау шектеулерін көрсететін карта

Генетикалық түрлендірілген өнімдерді жеу қауіпсіз бе?

Ғалымдар барлық 3 әдістің әрқайсысы қатаң сынақтан өтетін тұтынуға қауіпсіз тағам өндіретінін атап өтеді.

Солтүстік және Оңтүстік Америкада, Азияда миллиардтаған адамдар 20 жылдан астам уақыт бойы генетикалық түрлендірілген өнімдерді тұтынады, бірақ олардың денсаулығында ешқандай проблемалар болған жоқ.

Дегенмен, денсаулық пен табиғатқа қауіпті болуы мүмкін болғандықтан, Еуропалық Одақ елдерінде ГМО және басқа да генетикалық түрлендірілген өнімдерді сатуға қатаң тыйым салынған. Ал, жақында Англияда  генетикалық түрлендірілген өнімдерді сатуға рұқсат берілді. Бұл туралы bbc жазды.

Генетикалық түрлендірілген тағамды тұтынуға қарсылар бұл түрдің ГМО өнімдерінен еш айырмашылығы жоқ екенін айтады. Ал екінші тарап гендік модификацияланған өнімдер табиғиға жақын, ГМО тағамдарынан айырмашылығы бар дейді.

Сондай-ақ, генетикалық түрде өңделген өнімдер аллергия тудыруы немесе улану қаупін тудыруы мүмкін деген қауіп бар.

ГМО өнімдері қауіпті ме?

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметі бойынша, ГМО өнімдері 3 негізгі қауіп тудырады деген алаңдаушылық бар. Олардың біріншісі гендердің араласуына байланысты аллергиялық салдарлардың пайда болу мүмкіндігі. Келесі кезекте ГМО өнімдеріндегі гендердің тасымалдануы адам денсаулығына кері әсер етеді деген алаңдаушылық. Тағы бір алаңдатарлық жағдай, ГМО өнімдері азық-түлік қауіпсіздігіне әсер етуі мүмкін. Бұл жағдайда табиғилық тізбегі кәдімгі немесе жабайы дақылды құрамында ГМО бар дақылмен будандастыруға байланысты бұзылуы мүмкін. Сондықтан кейбір елдерде ГМО дақылдары мен кәдімгі дақылдар өсірілетін жер бір-бірінен қатаң бөлінген.

ГМО өнімдері олардың қауіпсіз немесе қауіпсіз еместігін анықтау үшін жеке сынақтан өтуі керек. Себебі, әр генетикалық түрлендірілген тағам әртүрлі болады. Сондықтан, жалпы алғанда, ГМО өнімдерін денсаулық үшін қауіпсіз немесе қауіпті деп анықтауға болмайды. Қазіргі уақытта халықаралық сатылымдағы ГМО өнімдері тексерілген және денсаулыққа қауіпті емес. Жалпы, ГМО тұтынатын елдер тұрғындарының денсаулығында ешқандай өзгеріс байқалмады.