Диетолог кеше пісірілген макаронның күтпеген пайдасын айтты

Макарон өнімдері көмірсулар, сондықтан салмағын қадағалап жүрген немесе арықтағысы келетіндер оны жеуге болмайды деп жатады. Өйткені, бұл тағам қандағы қанттың секірісін тудыруы мүмкін, қосымша салмақ қосып, тіпті ұзақ мерзімді перспективада семіздікке әкелуі мүмкін делінеді. Бірақ диетологтардың пікірінше, мұнымен келісе беруге болмайды.

Сарапшылар диетаға қайнатылған макаронды қосу дене бітімін мүлдем бұзбайтынына сендіреді, деп хабарлайды Timesnow басылымы Ньюкасл университетінің тамақтану жөніндегі сарапшысына сілтеме жасап.

Олардың айтуынша, зерттеулер адамдар диетаға макарон өнімдерін үнемі енгізсе, одан да көп салмақ жоғалтатынын анықтаған. Бірақ тамақ мөлшерін есте сақтап, майлы соустар мен кетчупты пайдаланбасаңыз, макарон жеу зиян емес.

Тұтас бидайдан жасалған макарон ең дұрысы. Егер сіз күні бойына жеткілікті протеиндік тағамдарды жесеңіз, онда сіздің тәбетіңіз автоматты түрде төмендейді және қанықтыру сезімі әлдеқайда жылдамырақ болады.

Сонымен қатар, тұтас дәнді макарон өнімдерінің құрамында талшық бар, ол асқазан-ішек жолына пайдалы және тазартылған ұннан жасалған макарон өнімдерінен де көбірек қанықтырады.

Макаронның қай түрі жақсы?

Сарапшы макаронды пісіргеннен кейін бірден емес, келесі күні жесе, одан да пайдалы болатынын атап өтеді. Өйткені, кешеден қалған макарон құрамында аздап қыздырылған болса да, жаңа пісіп, буы бұрқырыған макаронға қарағанда калориясы аз.

Суығаннан кейін макарон өнімдеріндегі көмірсулар крахмалдың төзімді түріне айналады. Яғни, макарон жегеннен кейін қандағы глюкоза деңгейі соншалықты секірмейді. Төзімді крахмал сонымен қатар диеталық талшық сияқты әрекет етеді - ол тоқ ішекті ашытып, пайдалы бактериялардың өсуіне мүмкіндік береді.

Айтпақшы, бұл «әдіс» басқа көмірсулар өнімдеріне қатысты. Сондықтан жаңа піскен картопты қатты қаласаңыз да суытып жеңіз және жаңа піскен нан, кекстер немесе тоқаштарды  да ыстықтай жемеңіз.

Сонымен қатар, тиімді түрде  салмақ тастау үшін диетадағы көмірсулардан бас тартудың қажеті жоқ, дейді диетологтар. Бұл тіпті денсаулыққа зиян тигізуі мүмкін. Калориялардың жалпы санын шектеу жеткілікті екен.