- Негізгі бет
- Жаднама
- 7 мамыр күні...
7 мамыр күні демалыс болмақ
Отан қорғаушылар күні, яғни мамырдың 7 жұлдызы, мемлекеттік мейрамдардың қатарына қосылып, демалыс күні деп жарияланды.
Елбасы жақында "Қазақстан Республикасының Заңына қосымшалар енгізу" заңына қол қойды. Бұл қосымша бойынша, мемлекеттік мейрамдардың қатарына 7 мамыр күнгі Отан қорғаушылар күні қосылды.
Естеріңізге сала кетсек, 4 қазан күні еліміздің парламентінің жоғарғы палатасы осы заңды бекітті. Қорғаныс министрінің орынбасары, Сергей Громов: "7 мамыр - Тәуелсіз Қазақстанның Қарулы күштерінің туған күні. Осы күнді атап өту Қарулы күштерге қатысы бар адамдарға жаңа дәстүрге айналды. Бұл мейрам тарихымызбен таң қалдыртып, күшімізді паш етеді." - деді. Заңның жобасын ұсынған да осы кісі болған.
Айта кетсек, үкіметке Отан қорғаушылар күнін мемлекеттік мерекеге айналдыруды 2012 жылдың көктемінде елбасы ұсынған еді. Ең жақсысы, енді 7 мамыр күні демалыс болмақ.
Дайындаған: Сания Аринова
Сурет: azh.kz