- Негізгі бет
- Жаднама
- 7 жасар қыз...
7 жасар қыз ең жас йога жаттықтырушысы атанды
7 жасар Праанви Гупта жастың кіші болуы кәсіби өсуге кедергі емес екенін дәлелдеді. Гиннес рекордтар кітабы Үндістандағы қызды ең жас йога жаттықтырушысы ретінде мойындады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ол үш жаста болған кезінде анасының қандай да бір дене күйлерін жасайтынын бақылап, оны қайталаған. Содан бері ол йогамен әуестенеді. Бұл уақытша қызығушылық емес еді. Кейін ол йогадағы қиын жаттығуларды орындап жүрді.
Бір күні ол анасынан йогамен кәсіби айналысу үшін оны курсқа жазуын сұрайды. Оған жаттықтырушының йоганы қалай жүргізгені қатты ұнап қалады. Сол үшін ол да сабақ берумен айналысқысы келеді, бірақ ол кәмелет жасқа толуын күткісі келмейді. Жаттықтырушымен айналысқаннан кейін ол болашақ инструкторларды дайындайтын бағдарламаға дайындалады. Ол бұның бәрін сабақпен бірге алып жүреді. Ол ата-анасының қолдауы болмаса, мұндай жетістікке жетпейтінін айтқан. Праанви йога ұстазын дайындайтын 200-сағаттық курсты өткен соң, Yoga Alliance сертификатын алып, кәсіби жаттықтырушы болды.
"Мен йогаға деген махаббатымды көбірек адамға бергім келді", - дейді Праанви.
Праанвидің жаттықтырушысы Сима Камат жас қызда туа біткен дарын екенін айтты. Ол балалардан мұндай ұмтылысты ешқашан кездестірмеген.
7 жасында бірнеше халықаралық олимпиадаларды жеңген Праанви мұнымен тоқтап қалмақ емес.
А. Жапатова