Біз өмір сүріп отырған заман жылдамдықты талап етеді. Үнемі асығып жүруге, істі жылдам аяқтауға мәжбүрміз. Жиналыс, баяндама, жаңа тапсырыс, ұсыныс, фейсбук, вконтакте – осылардың барлығына бірдей үлгеруіміз керек. Жылдам, жылдам, жылдам...
Нәтижесінде бар энергиясын сарқылтқан адамдай төсегімізге құлай кетеміз. Мұнымен қатар, біздің белсенділігімізді арттыруға заманауи демалыстың пайдасы бар екенін ғылым дәлелдеген. Бұл үшін көп уақыттың немесе қымбат құрылғының қажеті жоқ. Біз сізге қайда жүрсеңіз де, 5 минут ішінде жақсылап тынығып алудың бірнеше әдісін ұсынамыз.
Тамақтану
1. Көк шай ішіңіз. Шөптен жасалған шай адамға жайлылық сыйлап, жүйкесін тыныштандырады. Көк шайдың құрамында ашушаңдықтан арылуға көмектесетін L-теанин бар. Бірнеше минутыңызды жұмсап, көк шай қайнатып ішуді ұмытпаңыз.
2. Тақта шоколад. Көңіл-күйді көтеріп, күйзелістен арылуға тақта шоколад көмектеседі. Қара шоколад қан құрамындағы кортизол мөлшерін төмендетеді. Ал кортизол дегеніміз – күйзеліс гормоны. Алайда шоколадты мөлшерден артық жеуге болмайтынан ескеріңіз.
3. Бірнеше қасық бал. Аталған өнімнің теріні жайландыратын әсері бар. Оны кейде антибиотик ретінде пайдаланады. Ол алаңдаушылық пен күйзеліс әсерін төмендетеді.
4. Манго жеңіз. Жұмыста отырсаңыз да, тропикалық аймаққа барып келгендей әсерге бөленесіз. Хош иісті манго жемісінің құрамында линалоол бар. Ол күйзеліс деңгейін төмендетуге көмектеседі. Қолыңызды ластайтын лимон шырынына бола алаңдамаңыз.
5. Сағыз шайнаңыз. Оның өзіңізге ұнайтын кез келген түрін таңдауыңызға болады. Бұл – күйзелісті жеңудің оңтайлы тәсілдерінің бірі. Оны бірнеше минут шайнау арқылы кортизол деңгейін төмендетесіз.
Жан-дүние
6. Жастық жастаныңыз. Кейде ұзақ ұйқыдан өзгесі көмектеспейтін күндер болады. Егер жұмыста болсаңыз, мұны жүзеге асыру қиын. Басыңызға қойылған жастық бар қиындығыңызды өзіне сіңіріп жатқандай әсерде болыңыз.
7. Медитация. Әрине бұл рәсімді таулы аймақта отырып жасаған жақсы. Егер мүмкіндігіңіз болмаса, тыныш бөлменің өзі жеткілікті болады. Бар назарыңызды тынысыңызға аударып, қайғы-мұңыңыз сейіліп бара жатқандай әсерге бөленіңіз.
8. Терең тыныс алу. Жанды жайландырудың бұдан оңтайлы тәсілі бар ма? Артериялық қысымды төмендетуге терең тыныс алудың пайдасы зор. Арасында пранаяма тыныс алу түрін де пайдаланып көріңіз. Ол мұрын желбезегін кезектестіре отырып тыныс алуды қамтиды. Яғни бірінші бір желбезегімен, келесіде екінші желбезегімен тыныс алу.
9. Кері санау. Бұл тәсілді барлығы біледі, алайда оның пайдасы зор. Осылайша бірнеше рет санап көріңіз. Аталған әдістің арқасында миыңыз қайғы-мұң туралы ойламайтын болады.
10. Көзіңізді жұмыңыз. Бәрі дұрыс болса, көзіңізді жұма аласыз. Көшенің шуылынан көзіңізді қатты жұмып тұру арқылы арылуға тырысып көріңіз.
Тәнді демалдыру
11. Қолыңызды уқалаңыз. Жұмыс уақытында уқалауды нағыз маманға барып жасата алмайсыз. Алайда оны өзіңіз де жасауыңызға болады. Бұл пернетақтаның алдында көп отыратын адамдар үшін өте пайдалы. Егер 5 минуттан артық уақытыңызды құрбан етуге дайын болсаңыз, мойныңызды да уқалаңыз.
12. Акупрессураны көріңіз. Акупрессура дегеніміз – қытай медицинасының арқасында пайда болған, нүктелеп уқалау түрі. Ол қауіпсіз болғандықтан, қорықпай жасай беруге болады.
13. Теннис добымен сырғанаңыз. Аяқ киіміңізді шешіп, әдеттегі теннис добын өкшеңізбен айналдырыңыз. Биік өкшелі аяқ киім киетін ханшайымдар үшін өте пайдалы.
14. Білегіңізді суық суға салыңыз. Егер өзіңізді дәл қазір жарылып кетердей сезінсеңіз, білегіңіз бен құлағыңыздың сырғалығын тастай сумен жуыңыз. Бұл жылдам тынышталып, ауырсынуды басуға көмектеседі.
Жаңа орта
15. Жалғыз қалыңыз. Әрине адам аяғы баспайтын орманға барып түнеңіз демейміз. Бар болғаны жалғыз қалу арқылы ойыңызды жинақтай аласыз.
16. Өзіңізге Zen аймағын ойлап табыңыз. Жақын адамдарыңыз білмейтін бір жерді тынышталу аймағына айналдырыңыз. Бұл бақтағы орындық болуы да мүмкін.
17. Терезеге қараңыз. 5 минут бойы терезеден айналаны бақылау арқылы өз ойыңызды ретке келтіре аласыз.
18. Тазалық жүргізіңіз. Кейде адамның басы бөлменің шашылып жатуынан да ауыруы мүмкін. Үстелдің үстіндегі заттардың ретсіздігі сіздің жан-дүниеңіздегі ретсіздікті көрсетеді. Артық заттың барлығын алып тастаңыз. Сол кезде барлығы да қалпына келеді.
Сурет: thespaatcibolocanyon.com