Ұшақтан кешікпес үшін...

Барлық адам жол жүреді, саяхаттайды, қыдырады. Әдетте жолға шыққанда ең бірінші төлқұжатымызды, одан соң керек заттар салынған жүгімізді аламыз. Кей сәттерде ұшаққа кешігіп қалып жатамыз. Ауыр жүгімізді ары-бері тасып жүру оңайға соқпайды. Modobag чемодан-скутері бұл қиындықтан құтқарады. 

Бұл машина дөңгелектермен, рөлмен және басқышпен жабдықталған. Жылдамдығы 13 км/сағ дейін жетеді және 118 килограмға дейінгі салмақты көтере алады. Modobag чемоданын жүксалғышқа салмай-ақ, өзіңізбен бірге бортқа алуыңызға болады. Алайда оған рұқсат бермейді.

Чемоданды ойлап тапқан Кевин О Доннелге әуежайда отырған кезде осы идея келген. Тағы бір артықшылығы – USB арқылы ұялы телефоныңызды немесе планшетіңізді қуаттай аласыз. Ал, бағасы – 995 АҚШ долларына тең.

Мұндай чемоданды сатып алар ма едіңіз?