Бүгінгі таңда 3D құрылғылар бүкіл дүниежүзіне танымал. Олар кино немесе өнер саласында болмасын кеңінен етек жайып келеді. Ғалымдар болашақта 3D принтерімен биологиялық ағза жасап шығармақшы. Сонымен қатар 3D суреттері өнер саласында да кең ауқымда пайдаланылып келеді. Оны үйренемін деушілер саны күн санап артуда. Осы тарапта біз сіздерге 3D суреттерді қалай салу керектігін көрсетпекпіз. Іске сәт!
Ең алдымен суретті қайда салатыныңызды шешіп алыңыз. Оған альбом немесе блокнот жарай береді. Ал егер ол болмаса дәптерді пайдаланыңыз.
Келесі кезекте салғыңыз келген затты алып, оның сызба нұсқасын қағаз бетіне түсіріңіз. Оны төмендегі суреттегідей істеңіз.
Одан кейінгі кезекте қағаз бетіне түскен сызбаға тиіспей, тіп-түзу етіп қөлденең ұзын сызықтар жасаңыз.
Сызықтар жасап болғаннан кейін бір сызықтың бойымен тұрғандарды бір-бірімен қиғашынан байланыстырамыз.
Соңына таман сурет айқын көрінуі үшін басқа түспен бір жүгіртіп шықсаңыз да болады.
Тағы бір мысал: