Поезда немен айналысамын?

Поезға жалғыз мінсеңіз, бейтаныс адамдар ортасына түскен соң, уақыт өтпей қояды. Әрі іш пыстырмайтын, әрі уақытты тиімді өткізетін әрекеттер тізімімен таныс болыңыздар.

Ең жақсы іс – кітап оқу.

Құлақаспаппен әуен тыңдау. Бұл ұзаққа созылмауы тиіс.

Көршіңізбен сөйлесіңіз. Мүмкін, сырыңыз бір болып, болашақта жақын досқа айналарсыз.

Гаджетіңізден фильм, мультфильм көріңіз.

Поезда карта ойнап отырған адамдар тобы әрдайым кездеседі. Неге оларға қосылмасқа?

Ұйықтаңыз. Уақыт өлтірудің тез әрі оңай жолы.

Жеке шаруаларыңызбен айналысыңыз. Жазатын қағаздарыңыз болса, қазір аяқтаңыз.

Жаңа идея ойлап табыңыз.

Бәрінен жалықсаңыз, дем алмай шыдап тұрудан өзіңізге рекорд жаңартыңыз.

Тамақ жеңіз.

Достарыңызға хабарлама жіберіңіз.

Қызбен-жігітпен танысыңыз.

Вокзалдан журнал сатып алып оқыңыз.

Үйден қағаз бен қарындаш алып шығуды ұмытпай, сурет салыңыз.

Сүйікті өлеңіңіздің сөзін не әңгімеден үзінді жаттаңыз.

Бұрыннан күнделік жүргізетін болсаңыз, барлығын басынан бастап оқып шығыңыз.

Соңғы жеті күнде қандай жетістікке жеткеніңізді, қандай игі іс істегеніңізді еске түсіріңіз. Қорытынды шығарыңыз.

Алдағы алты айға жеке жоспарыңыздың жасаңыз.

Кубик-рубик есіңізде ме? Қанша уақытта жинаушы едіңіз? Деңгейіңізді көтеріңз.