Психологияның 15 қулығы

Адамдар бір-бірінен тек өз-өзіне деген сенімділігімен ерекшеленеді.

1. Бір топ адам қатар күлген кезде «жүрегі бір» жандар еріксіз бір-біріне қарап күледі. Немесе жақын досы ретінде санайтын адамға қарайды.

2. Сағыз шайнап, тамақ жеу арқылы қобалжу сезімінен арылуға болады. Себебі, біз әдетте өзімізді жайлы сезінген кезде тамақ ішеміз. Яғни бұл әрекетіміз миымызға қауіпсіздік сезімін сездіреді.

3. Біреу бізді қатты ашуландырған кезде оны ішімізге сақтайтын болсақ, бұл сезім ұлғая түседі. Алайда адам артынша жасаған әрекеті үшін қатты ұялатын болады.

4. Егер сіз қойған сұраққа адам қысқа әрі нақты жауап берсе, оны қайталап қоймағаныңыз жөн. Дұрысы – оның көзіне ұзақ қарау. Сол сәтте жауабының сізді қанағаттандырмағанын түсініп, толыққанды жауап қайтаруға тырысады.

5. Адам ым-ишара тілі арқылы көңіл-күйін екінші бір адамға жұқтыра алады. Мысалы, өзгелердің бақытты болғанын қаласаңыз, үнемі күліп жүріңіз.

6. «Солай сияқты», «менің ойымша» сынды сөздерді сөйлеу, жазу барысында қолданбаған жөн. Әрине олардың сөздік қорында болуы заңдылық. Алайда өзіне сенімсіз жандар оларды көп қолданады.

7. Маңызды сұхбат берердің алдында журналисті ескі досыңыздай көріңіз. Көп жағдайда айналамыздағы адамдардың ситуацияны қабылдауы өзімізге байланысты.

8. Біреумен кездескен кезде шынайы қуансақ, келесі кездесуде бізді қуана қарсы алатын болады. Мысалы, иттер осы әрекетті үнемі жасайды.

9. Адамдар біздің үлкен өтінішімізден бас тартқан кезде кіші өтінішімізді бірден орындайды.

10. Әңгімелесушіміздің аяғына қарап көп ақпарат алуға болады. Егер оның аяғының ұшы есікке қарай бағытталып тұрса, ол адаммен бірден қоштасқаныңыз жөн.

11. Барлығымыз дерлік өзгелердің сын естіген жиналысқа қатысып көрдік. Мұндай ситуациядан шығу үшін сын айтқан адамның тура қасына отыру керек. Тәжірибемізге сүйенсек, жанына отырған соң, олар бізге жылы шырай танытып, ойын өзгертеді.

12. Адамдар бір-бірінен тек өз-өзіне деген сенімділігімен ерекшеленеді. Егер сырт көрінісіңізбен өзіңізге барынша сенімді екеніңізді көрсете білсеңіз, адамдар сізге жақындай түседі.

13. Қызмет көрсету орталығында жұмыс істейтін адамдардың айналасына айна іліп қойған жөн. Олар осыдан кейін өздерін барынша байсалды ұстап, күлімсіреп жүруге тырысады.

14. Танысу кезінде адамның көзінің түсін анықтауға тырысудың маңызы зор. Осылайша екі көз түйісіп, адамдардың аралары жыли түседі.

15. Алғашқы кездесуде сүйіктіңізді көңіл көтеретін жерге алып барыңыз. Артынша сізді есіне алған кезде көңіл көтерген сәттеріңіз еске түсетін болады. 

 Сурет: ivmedis

Оқи отырыңыз:

30 секундтық тест

Ақша үнемдеудің сегіз тәсілі

Неге уақыт әр жаста әртүрлі өтеді?

Қажетті ақпаратты есте сақтаудың әдістері