Сүйінші! "Massaget TV" ашылды!

Достар, сайттың жаңа дизайнымен қоса жаңа "Massaget TV" деген бөлімнің ашылғанын қуана хабарлаймыз! Бұл бөлімде біздің шығармашылық ұжым дайындаған және ғаламтордан жиналған сіздерге қызықты болар деген видеолар топтастырылмақ. Мысалы, алда ашылатын "Сабақтар" айдарында әртүрлі сала бойынша білімдеріңізді жетілдіру үшін қажетті видеодәрістер дайындалса, "Массагет аялдамасы" айдарында видеоға түсірілген сауалнамалар, сұхбаттар жарияланады. Бұған қоса жоспарланған "Әдебиет әлемінде", "Клиптер" деген айдарлар да бар.

Жобаның шымылдығын түрген "Сан түрлі сауалды" мына жерден тамашалай аласыздар. 

"Massaget TV"-ға Ернар Алмабеков пен Бауыржан Жақсымбет есімді жігіттер жауап беретінін айта кеткеніміз жөн болар. Жұмыстарын бастап үлгерген жігіттерге шығармашылық табыс тілей отырып, түсіретін қызықты видеоларың көп болсын демекпіз. Егер де бөлімге байланысты ұсыныс, тілектеріңіз немесе басқа да айтар ойларыңыз болса, Ернар мен Бауыржанға мына мекенжайлар бойынша хабарласа аласыздар:

Ернар Алмабеков: ernar_kp@mail.ru, vk.com/almabekov, www.facebook.com/yernar.almabek 
Бауыржан Жақсымбет: bauka092@mail.ru, vk.com/bauka092, www.facebook.com/bauyrzhan.zhaqsymbet